Шымкенттік кәсіпкер жанының жомарттығынан зардап шекті



Шымкенттік кәсіпкер жақсы іс жасауға ұмтылып, ҚР ІІМ оқу орталығы басшылығының республикалық қаржыландыруды күтпестен ғимараттың күрделі жөнделуін аяқтауды сұраған өтінішіне жауап беріп, миллиондаған шығындарға ұшырады.

Шымкентте ІІМ мектебі деген атпен белгілі, Республикалық мемлекеттік мекеме «ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы»  биыл 40 жылдығын атап өтпек болып,  осы мектепте оқыған және жұмыс жасаған атақты түлектерді қонаққа шақырған болатын.  Құрметті қонақтар алдында абыройын жоғалтып алмас үшін,  оқу орталығы басшылығы қатты тырысты. Оларды білім сапасымен ғана емес, сондай-ақ оқу ғимараттардың жаңашылдығымен де таң қалдырғылары келді. Мекеме жұмыс жасап келе жатқалы бері алғаш рет 40 жыл ішінде күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Әрине, қонақтарды ескі ғимаратқа шақырып күту ыңғайсыз болар еді!  Оқу ғимараты жөндеу жұмысы 2012 жылдың көктемінде конкурс жеңімпазы  «ӨңдірісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасасып, өз уақытында басталып кеткен болатын. Осы компанияға оқу орталығын, спорт залдарын, жатақхана мен қойманы күрделі жөндеуден өткізу міндеті қойылған болатын. Жалпы сомасы 697 559 000 теңге бағаланған үлкен жұмыс көлемі күтті. Жұмыстар, тиісінше, олар үшін төлем бірнеше жылдар бойы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы тиіс еді. «ӨндірісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС және Республикалық мемлекеттік мекеме «ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы» арасында жыл сайын тиісті келісімдер жасасты. Жөндеу мен төлеу кестелері сақталды, тапсырыс берушінің де мердігердің наразылықтары болмады.

2014 жылдың қараша айында Республикалық мемлекеттік мекеме «ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы» директоры «ӨңдірісҚұрылыс ТехМонтаж» ЖШС-нің басшысына жыл соңына дейін оқу ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауды сұрады, бірақ кестеге сәйкес, бұл жұмыстар 2015 жылға жоспарланған, сәйкесінше қаржыландыру да  келесі жылда күтілген. Оқу орталығының басшылығы бұл өтінішін ұзақ уақытқа созылған жөндеу жұмыстары оқу процесін ұйымдастыруда қосымша қиындықтар тудыратындығымен түсіндірді. 2014 жылдың қараша айында Республикалық мемлекеттік мекеме «ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы» директоры «ӨңдірісҚұрылыс ТехМонтаж» ЖШС-нің басшысына жыл соңына дейін оқу ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауды сұрады, бірақ кестеге сәйкес, бұл жұмыстар 2015 жылға жоспарланған, сәйкесінше қаржыландыру да  келесі жылда күтілген. Оқу орталығының басшылығы бұл өтінішін ұзақ уақытқа созылған жөндеу жұмыстары оқу процесін ұйымдастыруда қосымша қиындықтар тудыратындығымен түсіндірді. 2014 жылдың қараша айында Республикалық мемлекеттік мекеме «ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы» директоры «ӨңдірісҚұрылыс ТехМонтаж» ЖШС-нің басшысына жыл соңына дейін оқу ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауды сұрады, бірақ кестеге сәйкес, бұл жұмыстар 2015 жылға жоспарланған, сәйкесінше қаржыландыру да  келесі жылда күтілген. Оқу орталығының басшылығы бұл өтінішін ұзақ уақытқа созылған жөндеу жұмыстары оқу процесін ұйымдастыруда қосымша қиындықтар тудыратындығымен түсіндірді. Кәсіпкер келісті, тіпті, оқу орталығының директоры  полиция полковнигі Бегайдар Төлебаев  2015 жылдың бірінші онкүндігінде барлық қосымша жұмыс көлемін төлеуге уәде беріп, кепілдеме хат та жазып берді. 2014 жылдың соңында дәрісханалар, дәліздер, акт залы және кіреберісте орналасқан үлкен зал жаңарып тазаланды. Оқу орталығының қызметкерлері мен басшылығы қуанышын жасырмады: мердігер адал және өте жауапты болды. Жөндеу жұмыстары кезінде сапалы құрылыс материалдары пайдаланылады, барлығы өте дәл және мұқият жасалады, тіпті, қаласаң да мін таба алмайсың!

«Мерейтойға дейін бірнеше ай қалғанда, мекеме директоры  маған тағы да сыртқы қабырғаларды, ғимараттың қасбетін және оңтайлы жөндеу жұмыстарын жүргізі туралы әңгіме қозғады, әрине, қаражат 2015 жылдың жоспарында болды, - дейді «ӨндірісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС директоры Руслан Өтешев.- Айтуынша, келесі жылы Ішкі істер министрлігі 200 миллион теңге бөлуге уәде берді және бұл ақша жөндеу жұмыстарының барлық тізбесін жабу үшін, сондай-ақ оқу ғимаратының шатырын өзгерту үшін жеткілікті. Ал мен күмәнданбас үшін, кепілдік хат беруге уәде берді. Мен қонақтардың алдында басты ғимараттың ұсқынсыз болғанын қаламай, адамгершілігіммен түсініп келісімімді бердім.Бас ғимараттың ішкі бөлігін аяқтаған «Өңдіріс Құрылыс ТехМонтаж» ЖШС мамандары сыртқы қабырғаларды керамикалық гранитпен қаптап, ғимараттың қасбетін бекітіп, төбені жөндеуге кірісті. 2015 жылдың 21 қаңтарында Тапсырыс беруші мен мердігер арасында жалпы сомасы 200 000 000 теңге болатын № 4 шарт жасалды. Келісім шартқа қол қою кезінде Құрылыс компаниясы  шартта көрсетілген жұмыстардың көп бөлігін бітірген болатын. 2015 жылдың ақпан айының басында ҚР Ішкі істер министрлігінің оқу орталығының басшылығы жалпы сомасы 68 303 049 теңгеге аккредитация туралы куәлікке қол қоя отырып, осы жұмысты қабылдады.

Уақыт өтті, кәсіпкер сәуір айында алуға тиіс болған ақшасын ала алмады. Мекеменің басшылығы жылдың енді басталғандығын алға тартып, сол кездегі бюджеттік қаржыландыруға байланысты  қиындықтар болатындығын айтып ақталды. Осы уақытқа дейін құрылыс компаниясының мамандары мерейтойға дейін аяқтауға уәде еткендіктен, оқу ғимаратын жөндеу жұмыстарын тоқтатпай  жөндеу жұмыстарын жалғастыра берді.ҚР ІІМ оқу орталығы мерейтойы да келіп жетіп, той тойланып, құрметті қонақтарда тарқады. Бірақ уәде етілген ақша әлі де берілмеді. Руслан Өтешов үшін қиын күндер басталды, ол соңғы айлар ішінде қарызға батып, өз әріптестері алдында, құрылысқа жәрдемдескен мердігерлер алдында ыңғайсыздықтар тудырды.  Кейіннен белгілі болғандай, оқу орталығы директоры Бегайдар Тойлыбаев Қазынашылық органдарында 200 миллион теңге бойынша жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартты тіркемеген, ал тіркеусіз, ешқандай да төлем жайында сөз де болуы мүмкін емес болып шықты.

2015 жылдың ақпан айының ортасында республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджеттік комиссияның хаттамалық шешімі оқу орталығының ғимаратын күрделі жөндеуге жұмсалған 200 млн. теңге қысқартылды », - деп түсіндіреді Республикалық мемлекеттік мекеме «ҚР ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының» бас есепшісі Динара Түлеметова.- бастапқыда жұмыстарды қаржыландыру наурызда жоспарланғандықтан, директор 21 қаңтардағы № 4 шартты тіркеуді қазынаға қол қойғаннан кейін емес, тек сол кезде ғана тіркей алатын еді. Республикалық бюджет комиссиясы РММ «ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы  оқу орталығы» күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды бюджеттік өтінімінен алып тастаған соң, қазынашылық келісім-шартты тіркеу негізінен мүмкін болмады.

Біз жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражатты қысқартып тастағанын бірден білмедік, - деп әңгімеге орталықтың материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығының орынбасары Бекежан Қыдырбаев қосылды. – Барлық кінә Дағдарыста. Бастапқыда мердігер өзі жөндеу жұмыстарын аяқтауға ниет білдірді, бұл жұмысты республикалық бюджеттен қаржыландыруды күтпеді.Ол жұмысы  төлеусіз қалады деп ойламады. Біз қаражатты төлеуден бас тартып отырғанымыз жоқ. Тіпті, сот мәжіліс залында барлық жұмыстың толық және өте жоғары деңгейде жүргізілгенін растадық. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан бері шамамен 3 жыл болды, алайда бізде сапа туралы ешқандай шағым жоқ. Менің ойымша, кәсіпкер сотқа бекер жүгінді. Күте тұру керек еді, біртіндеп онымен есептесетін едік, енді ол ақшаны тек сот шешімімен ғана ала алады.

Руслан Өтешев оқу орталығының басшылығы өз уәделерімен әдейі ұзақ уақыт бойы адастырып, оқу орталығының күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыру қысқарғанын біле тұра нақты ақпарат бермей, әдейі жасырын ұстады деп санайды. Кәсіпкер оқу орталығы басшылығын жөндеу жұмыстардың аяқталуын күтіп, нақты жағдайды әдейі жасырғанын айтып күйінеді. Сонымен қатар, құрылыс компаниясының басшысы жағдай анықталған соң да оқу орталығы басшылығының қаржыландыру мәселесін шешеміз деген уәдесіне сеніп, ұзақ уақыт бойы сотқа арыз бермеген.

«Көз алдымызда шенеуніктердің кесірінен кәсіп үлкен шығынға ұшырап банкротқа түскендігінің үлкен бір мысалын көріп отырсыздар», - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Қайрат Акенов. –мұндай көзқарас кәсіпкерді масқаралаумен тең. Мемлекеттік мекеме кәсіпкердің қаражаты есебінен заңсыз байып отыр, ал кәсіпкер болса бір уақытта қарызға белшесінен батқан. Бұл жағдайдың сорақысы кәсіпкерді адастырып, жыл сайын беделді азамат және адал кәсіпкер әділеттілікке қол жеткізе алмайтындығы.»      

       Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкер Руслан Өтешев, сотта қолдау таппаған соң ғана көмек сұрап жүгінеді. Ол әділдікке қол жеткізу үшін жалпы 2 жыл жұмсап, 2 сотқа шағымданды. Бірінші рет сотта талап-арызы 2015 жылдың 21 қаңтарында мемлекеттік сатып алу туралы шартты мемлекеттік қазынаға тіркеуге және жауапкердің берешек соманы қайтарылуы болды. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2015 жылғы 20 қарашадағы шешімімен «ӨнердісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС міндеттемесін толығымен қанағаттандырып,  РММ«ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығын» жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізілгендігі туралы келісім-шартты қазынашылық органдарда тіркеп,  мекемеден 68 млн. 304 мың теңге көлемінде қарызды қайтарылсын деген шешім шығарыды. Оқу орталығының басшылығы бұл шешімге келіспей, апелляцияға берді. Бұл іс әрекетті жоғарыда айтып өткендей, жауап берушінің өкілі сот ғимаратында құрылыс компаниясының жұмысының сапасын мойындап уақытында бітіргенін айтқанына қарасақ, күмәнді көрінеді. 

ОҚО Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық соттың 2016 жылғы 14 қаңтардағы шешімі бойынша бұл шешім жойылып, қарыздарды өтеу туралы талап қанағаттанбаған. Коллегия оқу орталығының басшылығының келісімшартты қазынашылыққа тіркеуден бас тартуы жазбаша түрде жасалуы керек деп санайды. Егер мұндай жазбаша бас тарту жоқ болса, онда даудың мәні жоқ. Ал арыз беруші де, айыпталушыға жазбаша түрде қазынашылық органдармен келісімшартты тіркеу туралы өтініш берген жоқ, яғни айыпталушы шартты тіркеуден бас тартқан жоқ. Қандай жағдай болса да, шартты тіркеуден жазбаша бас тарту жоқ. Бұл дәлелдер, сондай-ақ, бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, сот шешімі үшін негіз болды. Сонымен қатар, сот қандай да бір себептермен 2015 жылы 1 ақпандағы Р. Өтешевтің қолы қойылған, Б.Тойлыбаевқа жолданған хатқа назар аудармаған, онда кәсіпкердің қазыналық органдардағы мемлекеттік сатып алу туралы шартты тіркеу туралы өтініші бар.

ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі соттық коллегиясы ОҚО сотының азаматтық және әкімшілік істерінде аппелляциялық соттың коллегия ұстанымдарын қолдады. Кәсіпкерге тағы да сотқа шағымданудан басқа шара болмады. Бұл жолы оқу орталығының  кәсіпкердің қалтасынан негізсіз байытылды деп арызданды.ОҚО мамандандырылған аймақаралық экономикалық соты, ҚРАзаматтық кодексіне сәйкес, сатып алушыны әділетсіз байыту болып табылатын мүлікті жәбірленушіге қайтаруға тиіс екенін мойындады. Дегенмен, сот талап-арыздан аяғында бас тартты. Сонымен қатар, сот талап қоюшының әділетсіз байыту мөлшерін қалпына келтіруді талап етіп отырғандығын «сотқа негізсіз алынған мүлікті жауап беруші толығымен қайтару қажет екендігі туралы  дәлелдер келтірмеді»  деп түсіндірді.

-«Сонда мен  сотта терезелер мен есіктерді алып, қабырғалардан гранит пен қабатты алып тастап, төленбей қалған жөндеу жұмыстарының өтемі ретінде өзіммен бірге әкетіп сотта дәлелдеу керек екенмін», - деп жағдайға Руслан Өтешев наразыланды. - Мұндай сот шешімінен кейін,  шын мәнінде, терезелер мен есіктерді алып, шығындардың орнын осылай өтеуден басқа ештеңе қалған жоқ. Адам сенгісіз. Сотқа тағы бір шағым беріп мен тағы да 2 миллион теңге ақы төлеп, өзімнің шығындарымды және қарыздарымды бекерге көбейтіп алғаным өкінішті.»

ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне ОҚО сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот коллегиясы да қолдау көрсетті. Ол сотқа хабарландыру жарияланғаннан кейін дереу заңды күшіне енді. Осылайша, орындаған жұмысы үшін қандай да бір жолмен ақы алуға тырысқан Руслан Өтешев үшін енді барлық жол жабылғандай. Еңсесі түскен кәсіпкер көмек сұрап Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Соңғы 3 жылда «ӨндірісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС қызметкерлер құрамында 32 адам жұмыс істейтін үлкен компания болатын.Ал, қазір  компания қарызға белшесінен батып, тығырықтан шығатын жол таппай, жұмысын тоқтатты. Компанияның 4 миллион теңгеден аса салық пен бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегі бар. Бұл сома 2014 жылдан бері тіркелген. Тағы 800 мың теңге жұмыс беруші басқа жұмысқа тұруға мәжбүр болған бұрынғы қызметкерлеріне жалақы ретінде төледі. Руслан Өтешов өзі секілді ІІМ директоры Бегайдар Тойлыбаевтың кепіл хатына сеніп қалған, құрылыс материалдарын жіберіп, бас ғимараттың жөндеу жұмыстары кезінде жұмыстың бір бөлігін орындаған мердігерлерге 24 млн теңге қарыз. Олардың көпшілігі қазір сотқа талап-арыз беріп, осылайша өздерінің бұрынғы әріптесінен қарыздарын қайтаруға тырысуда, бірақ олар әріптесінің қазір осындай қайғылы жағдайға өз еркімен түспегенін біліп іштей қымсынады.

Кәсіпкерлер палатасында да «ӨндірісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС атқарылған жұмыстарының ақысын ала алмай жағдайдың тұтқыны болғанын  көріп отыр.Кәсіпкерлер палатасының басшылығы облыстық және Бас прокуратураға адал кәсіпкерге жан-жақты заңгерлік көмек көрсетуді және оның атқарған жұмыстары үшін қаражат алуды сұрады.

Қарыздың кем дегенде бір бөлігін төлеу үшін Руслан Өтешев пәтерін, жеке автокөлігін және компания балансында тұрған барлық құрылыс техникасын сатты. Қазір кәсіпкердің қарыздарын өтейтін ештеңесі де қалмады.Осылайша, «ӨндірісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС өзгенің мерейтойын ойлап жүріп, өзінің 10 жылдық мерейтойын аянышты жағдайда атап өтетіндігін білмеді.Менің сағым сынды, - дейді Руслан Өтешев.

- Менің іскерлік беделім азап шегеді деп қорқамын. Енді қалай болады? Менің адал атым мен беделімді қалай қорғауға болады, менің отбасым, балаларым, туыстарым бар. Өздерінің жұмысына төлейтін уәделеріме сенген бұрынғы қызметкерлерінің көзіне қалай қараймын? Менің кінәм неде? ..

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР