Бизнес жобаны қалай таңдауға болады

Жеке кәсіп алдымен белгілі бір «Бизнес жобадан» басталады. Ол тәжірибелі маманның немесе жас студенттің ойына да келуі мүмкін.    

Бастысы – «бизнес жоба» бар және ол нарықта сұранысқа ие. Яғни, болашақта пайда әкеле алады.  

Нарықта кең таралып үлгермеген жаңа істі жүзеге асыру бизнес жобаны қайдан және қалай табуға болады? Дәл осы сұрақтар өз ісін бастаймын деген кәсіпкерді ойландырады. Бұл сұрақтың шешімі айтарлықтай қарапайым. Жаңа кәсіпті ашардан алдын келесі қадамдарды орындағаныңыз абзал: нақты бизнес жобаны тауып, оның барлық ерекшеліктерін сараптай білу.  

Бірегейлік  -  әрбір үздік бизнес жобаның басты сипаты болып табылады. Сөйтсе де, бизнес идеяның бірегейлігі әрдайым жаңа кәсіптің түрін ойлап табу дегенді білдірмейді. Бұл ұғымдарды шатастырмау керек. Бизнес жобаның іске асқан уақыты мен орыны ол жобаның бірегейлігін айқындайтын басты белгісі. Мысалы, Сіз тұратын ықшамауданыңызда азық-түлік дүкенін аштыңыз. Егер дәл осындай дүкен көршілес ауданда болса, Сіздің дүкеніңіз жоғары сұранысқа ие болады. Бұл жобаның іске асқан орыны бойынша бірегейлігін айқындайды. Яғни, бұл кәсіптің  жаңа жаңа түрі емес (азық-түлік дүкендері барлық жерде бар), бірақ келтірілген мысалдағы бизнес жақсы табысқа ие болады.    

Бизнес жобаны іске асыру үшін қаржы таба білу – екінші маңызды қадам болып табылады. Жаңа жобаның қымбаттылығына байланысты бизнестен бас тарту көптеген кәсіпкерлердің қателігі болып табылады. Елмізде сондай ақ шетелдерде жаңа жобаларды қаржыландыратын инвесторлар жеткілікті. Сонымен қатар бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер несиелендіру жүйесін жетілдіріп, кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер қарастырған. 

Бизнес жобаны жүзегі асыру үшін нарықты зерттеу керек.  

Көп жағдайда нарықта терең зерттеулерді жүргізу үшін кәсіпкердің қаражаты жетпейді, дегенмен, бүгінгі күні интернет арқылы кез-келген адам ауқымды ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады.  

Алдымен, бәсекелестердің сайттарына бірнеше күн арнау керек. Тауар немесе қызмет көрсету түрлері қаншалықты таралған және сұранысқа ие? Салымдар қаншалықты жылдам қайтады? Компания туралы клиенттер қайдан біледі? Кәсіпкер басты мәселелерді белгілеп сараптаса, оны жайсыз тосын сыйлар соғұрлым аз күтеді. 

Осыдан кейін бизнес-жоспарды әзірлеуге көшуді ұсынамыз. 

 

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР