Бизнеске арналған онлайн-сервистер

«Электрондық үкімет» www.egov.kz порталы сізге бизнес жүргізуде жақсы кеңесші мен көмекші бола алады. Сіз бұл жерден старттан, яғни, бизнесті тіркеуден бастап тіркелген заңды тұлға, филиал мен өкілдік туралы анықтама, заңды тұлғаға қатысу туралы анықтама алу сияқты мемлекеттік қызметтерді қамтитын бар нәрсені таба аласыз. Мұнда экономиканың түрлі секторлары, лицензиялау, экспорт пен импорт туралы өзекті ақпараттар бар. Сондай-ақ, үнемі жаңартылатын нормативті-құқықтық актілер базасына жүгіне аласыз.   

 Электронды лицензиялау  www.elicense.kz порталы онлайн лицензиялар мен қызметтің алуан түрі бойынша рұқсат алуға мүмкіндік береді. 2012 жылдан бастап лицензияларды беру 100% онлайн түрде жүргізілуде. Бұдан бөлек, портал Қазақстанда бұрын-соңды берілген лицензиялардың толық базасын ұсынады. Лицензиар меморганмен қандай да бір байланыс мүмкіндігі жоққа шығарылады, тиісінше лицензия алу процесі барынша мөлдір.  

Мемлекеттік сатып алу www.goszakup.gov.kz порталы. Портал қамтамасыз етеді:  

 

•мемлекеттік сатып алу процесі қатысушыларын тіркеу; 

•мемлекеттік сатып алуды жоспарлау; 

•өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат жинау; 

•электрондық мемлекеттік сатып алу, оның ішінде тапсырыс беруші мен әлеуетті жеткізуші арасында электрондық құжаттармен алмасуды өткізу;    

•жоспарланған, өткізіліп жатқан және өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты портал арқылы ұсыну;  

•өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша статистика мен есептілікті қалыптастыру;  

•мемлекеттік сатып алу тізіліміне мәліметтерді ұсыну мен жариялау.  

www.enis.kz бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінің порталында өңірдегі барлық нотариустар, олардың мекен-жайлары, байланыстары мен лицензиясы туралы мәліметтер табуға болады. Жүйе мәміле жасау барысында алаяқтық пен құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмай, қауіпсіздікке кепілдік береді. 

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР