Қандай жағдайларда кассалық аппараттар қолданылады?
Сауда операциялары, жұмыстарды атқару, қызмет көрсету барысында қолма-қол ақша арқылы ақшалай есептесуді жүргізу міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдану мен бақылау чегін беру арқылы жүзеге асырылады.
Мына жағдайда қолданылмайды:
•жеке нотариалды қызмет пен орындау құжаттарын орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан басқа жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жеке тұлғалар арасында жасалатын;
•шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режимі аясында патент негізінде қызмет жасайтын ЖК (акциздік тауарларды сататындарды қоспағанда);
•шаруалық немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салық режимі аясында қызмет жасайтындар;
•халыққа қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша қызмет көрсету жағында, уәкілетті органмен келісімде көлік саласындағы мемлекеттік органмен бекітілген пішімдегі билеттерді беру.
Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзу ЖК, жеке нотариус, жеке сот орындаушылары, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеледі. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған әрекет (әрекетсіздік) ЖК, жеке нотариус, жеке сот орындаушылары үшін он бес АЕК мөлшерінде айыппұл, ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін отыз АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Заңмен қандай айыппұлдар қарастырылған?
(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 16-тарау, «Салық саласындағы әкімшілік құқық бұзу»).
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару жеке тұлғаларға - он бес, жеке кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Есептік құжаттамада тауарларды (жұмыс, қызмет) есепке алу мен өткізу бойынша операцияларды көрсетпеу Неотражение в учетной документации операций по учету и реализации товаров ЖК, ШОБ субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар немесе коммерциялық емес ұйымдар есептелінбеген тауар (жұмыс, қызмет) құнынан бес пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.
ҚР салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық агентінің ұсталып қалуға және бюджетке аударылуға тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің ұсталмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Салық агенттерінің және салық заңдарында белгіленген өзге де уәкілетті органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес бюджетке аударылуға салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің ұсталып қалған сомасын аудармауы немесе толық аудармауы, - лауазымды адамдарға, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің аударылмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жеке кәсіпкердің патент алуға есептеме беру мерзімін бұзуы ескерту жасауға әкеледі. Жыл ішінде қайта бұзу он бес АЕК мөлшерінде айыппүл салынуға әкеледі.
Салықтық есептілікті салық органына мерзімінде ұсынбау жеке тұлғалар, ЖК, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады. Жыл ішінде қайта бұзу ЖК, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттарға отыз АЕК мөлшерінде, ал ШОБ субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымға жататын заңды тұлғаларға қырық бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынуға әкеп соғады.
Салық төлеушінің салық салу объектілерін жасыруы жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының жүз елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы және салық есептілігін бұзу ЖК, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады. Жыл ішінде қайта бұзу ЖК үшін жиырма бес АЕК мөлшерінде, ал ШОБ субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымға жататын заңды тұлғаларға елу АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.