Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бірегей жоба жүзеге асырылады



Биылғы жылдың соңына дейін Оңтүстік индустриалды аймағында алюминий банка шығаратын Орталық Азиядағы жалғыз зауыт жұмыс істей бастайды деп күтілуде. «KazALPack» ЖШС шырындарды, газдалған және газдалмаған сусындарды құюға арналған қақпағы оңай ашылатын алюминий банкаларын шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта болашақ зауыт орнында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, өндіріс және қоймалар салынып, өндірістік жабдықтар жеткізіліп жатыр.

«KazAlPack» ЖШС — "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында қаржыландырылатын ең ірі жобалардың бірі. Жобаның құны 23,4 миллиард теңгені құрайды. Бастапқыда компания «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыланғысы келді, бірақ жоба 7 миллиард теңгенің бағдарламалық шегінен асып түсті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыру мүмкіндігі болмады, өйткені алюминий банка өндірісі жеңілдетілген несиелендірудің басым секторларының тізіміне енгізілмеген. Сондықтан, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы (Жобалық кеңсе шеңберінде) жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің басым салаларына ЭҚЖЖ 2592 (алюминий банка өндірісі) енгізу туралы бастама көтерді» — деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әділжан Датқаев.

Оның айтуынша, бүгінде «Қарапайым заттарэкономикасы» бағдарламасы аясында Шымкентте 37,7 млрд.теңге сомасына 56 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның 15-і 28,6 млрд.теңге сомасында 2020 жылы мақұлданды. Қаржы институттарында 3,9 млрд.теңгеге 4 жоба, идея сатысында — 29,9 млрд.теңгеге 18 жоба қарастырылуда.

«Егер біз жобаларды салалар бойынша талдайтын болсақ, онда Шымкенттегі жобалардың 93% -ы өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асырылады, қалған 7% -ы ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында», — деді Әділжан Датқаев.

Банктер бойынша жобаларды қаржыландыруда көшбасшылар — Қазақстан Халық Банкі, Forte Bank, ATF Bank.

Директордың орынбасары атап өткендей, кәсіпкерлікті дамыту бойынша жобалық кеңсе Шымкентте тұрақты негізде жұмыс істейді, ол бизнес-жоспарды әзірлеу кезеңінен бастап қаржыландыруға дейін бірге жүреді, бақылайды, банктердің несие беруден бас тарту себептерін анықтайды және қолдаудың жаңа тетіктерін ұсынады.

Жалпы, былтырғы 2020 жылы Жобалық кеңсе алты кездесу өткізді, онда 24 нақты бизнес проблемалары айтылды. Оның 14-і шешімін тапты — бұл жер учаскелерін бөлу және тіркеу, субсидиялар, инфрақұрылым, жергілікті қамту үлесі, «СТ-KZ» тізілімге енгізу. 

 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР