ЕХРО-2017 көрмесінің тұжырымдамасы әлем назарында
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде бүкіләлемдік энергетикалық саммит өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Шараның аясында саммитке қазақстандық делегация 2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесінің жобасын алып шықты. Мұндай көрме Әбу-Дабиде жылда өткенімен, Қазақстан тұңғыш қатысып отыр. Өйткені, бүкіләлемдік саммиттің бағдарламасы «Болашақ энергиясы» тақырыбымен тікелей байланысты.
Бұл жолы әлемнің әр түпкірінен 26 мыңға жуық адам жиналды. Көрмеге 40 мемлекеттің компаниясы қатысқан. Сондай-ақ мұнда 20-дан астам ұлттың павильоны бар. Ақпараттық арнаулы орын 225 шаршы метр алаңды алып жатыр. Біздің павильон шетел азаматтарына ЕХРО-2017 көрмесінің тақырыбынан сыр шертеді.
Ұйымдастырушылар бірнеше планшеттің көмегімен еліміздің тарихы мен мәдениетін, дәстүрін де ұсынған. Елімізге қатысты барлық дерек ағылшын тілінде жазылған. Көрмені тамашалап жүрген саммитке қатысушы делегаттар Қазақстан туралы мәліметтерге қызығушылық танытуда. Тіпті Сенегал Президенті Маки Салл мырза арнайы келіп танысты.
Все права защищены.
При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.
При использовании материалов BNews.kz:
- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;
- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».
BNews.kz