ЖК, ЖШС,АҚ-дарды қалай ашу керек?
Бүгінгі күні өз кәсібін ашып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізгісі келетіндер өте көп. Бірақ олар алғашқы қадамды қалай және неден бастау керек екенін біле бермейді. Сондықтан жаңадан іс бастаған кәсіпкердің көпшілігі құжат мәселесіне бас ауыртпай, бірден «жеке кәсіпкерлік ашуға көмектесеміз» деген жарнамамен ақылы қызметке жүгінгенді жөн көреді.
Ал, шын мәнінде, жеке кәсіпкерлік ашудың ешқандай қиындығы жоқ. Біз айтқан әрекеттерді орындап шықсаңыз, қысқа уақытта жеке кәсіпкер атанып шыға келесіз.
Ең алдымен, Сіз өзіңіз тұратын қаланың немесе ауданның Салық басқармасының кез келген бөлімшелеріне барыңыз.
Бұл қадамды жүзеге асыру үшін міндетті түрде төменде көрсетілген құжаттарды жинап мекен-жайыңыз бойынша Салық басқармасына өткізуіңіз қажет:
- Халыққа қызмет көрсету орталығынан мекен-жайыңыз жайлы анықтама немесе ғимараттың жалға алынғандығы жайында келісімшарт
- 3.5см*4.5см екі сурет
- Жеке куәлігіңіздің көшірмесі
- ЖК (жеке кәсіпкерліктің) мемлекеттік тіркелу куәлігін алу үшін өтініш білдіру
- ЖК-ны тіркеу үшін 2 айлық есепті көрсеткіш (2*1 731тенге = 3 462 теңге) мөлшерінде төленген мемлекеттік төлемдердің төленгені туралы түбіртек
Осы аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін үш жұмыс күнінен кейін сізге ЖК куәлігі беріледі.
ЖШС-ті тіркеу
ЖШС-құрылтайшысы (ларды), жарғылық капиталы және жарғысы бар заңды тұлға. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік фирмалық атауы, серіктестің атауы, сондай-ақ «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» немесе «ЖШС» аббревиатурасы бар болуы қажет. ЖШТ-тің құрылуы оның құрылтайшылардың құрылтай келісім-шарттарын жасалуынан басталып серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуімен аяқталады. Ол үшін сіз болашақ ЖШС-тің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып құжаттар тапсырасыз.
ЖШС-ті тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
- тіркеу туралы өтініш;
- 3 (үш) данада ұсынылатын мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылған құрылтай құжаттары;
- паспорттың түпнұсқасы немесе жеке басын куәландыратын басқа (шетелдік жеке тұлғаның-құрылтайшының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар) құжат;
- заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат;
- ЖШС-ны тіркеу үшін алымды төлегені туралы төлем қағазының түбіртегі. Алым (2011 жылға – 3024 теңге, 2012 жылға – 3236 теңге) 2 АЕК құрайды;
Алынатын құжаттар: Салық төлеушінің нөмірі (СТН), Статистикалық карта, Жарғы, БЖН-ін иеленуі мен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік.
Ескерту: жеке тұлғаға ЖШС-тің тіркелгені туралы ақпаратты www.egov.kz порталынан білуіне болады.
Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) дегеніміз өз қызметін жүзеге асыру мақсатында қаражат жинау үшін акциялар шығаратын заңды тұлға.
Қазақстан Республикасының осы финанс жылына сәйкес жасалған републикалық бюджет туралы бекіткен заңына сәйкес қоғамның минималды жарғылық капиталы айлық есеп көрсеткішінің 50000 есе мөлшерінде болуы тиіс.
Қазақстан Республикасында Акционерлік қоғамды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
- Жарғы
- Құрылтай жиналысының хаттамасы / Шешімі
- Құрылтайшы келісімшарты
- Тіркеу туралы туәлік
- Мемлекеттік салым
АҚ төмендегі қызметтерді атқаратын болса, онда алдын ала рұқсат алу керек:
- шет ел валютасымен ақша айырбастау операциясын ұйымдастыру;
- финанстық қызмет көрсету;
- сәйкес тауар нарығында басымды (монопольді) орын алатын нарық субъектілерінің қызметі;
- табиғи монополия субъектілерінің қызметі.
Акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын (акцияларын) тіркеу
Әділет органдарында тіркелген акционерлік қоғам өкілетті органдарда хабарландырған акцияларды мемлекеттік тіркеуге міндетті ( Финанс нарығын бақылау мен тексеру комитетінде және ҚР Орталық Банкілерінің финанстық ұйымдарында). ҚР «Бағалы қағаздар нарығы» Заңының 11 бабына сәйкес акционерлік қоғам хабарландырған акцияларды шығару үшін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік тіркеуге міндетті.
Құрылтайшылар енгізген акциялардың алдын ала төлеу мөлшері жарғылық капиталдың (50 000 МЕК) ең кіші мөлшерінен кем болмауы тиіс және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде төлеуге міндетті.