Колледждер рейтингі
Оңтүстік Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының рейтингісін бағалау әдістемесі
Колледждер рейтингі әзірленуінің мақсаты мен міндеті: облыс колледждерінің әл-ауқатын, білім сапасын бағалау, техникалық және кәсіптік білімге мемлекеттік тапсырысты рейтинг негізінде тиімді орналастыру.
Рейтинг техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан жинақталған мәліметтері негізінде құрылады.
Рейтинг мына төмендегі критерийлер арқылы құрылады:
1) техникалық және кәсіптік білім ұйымының әлеуметтік әріптестік бағытындағы жұмыстары;
2) бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі;
3) техникалық және кәсіптік білім ұйымының материалдық-техникалық базасының деңгейі;
4) техникалық және кәсіптік білім ұйымының кадрлық ресурстары (оқытушылар).
1. Техникалық және кәсіптік білім ұйымының әлеуметтік әріптестік бағытындағы жұмыстары жалпы 100 ден 30 балл үлеске ие үш тармаққа бөлініп есептеледі.
1.1.Әлеуметтік әріптес (жұмыс беруші кәсіпорын) пікірін білу (сауалнама). Максималды үлесі – 13 ұпай. Есептелу жолы:
колледж өзінің әлеуметтік әріптестері туралы ақпаратты Басқарма мен Палатаға жолдайды;
ақпаратқа сәйкес 4 (төрт) кәсіпорын таңдап алынады, оларға хат жолданады;
толтырылған сауалнама өңделеді.
1.2. Әлеуметтік әріптестің мамандық бойынша оқу жоспарын әзірлеуге қатысуы. Дуальдік оқытудың жол картасына енген колледждерге 10 балл тағайындалады.
1.3. Қамқоршылық кеңесіне әлеуметтік әріптес, жұмыс берушінің мүше болуы. Кеңеске кәсіпкер мүше болған жағдайда 1 балл қосылады.
2. Бітіруші түлектердің жұмысқа тұру деңгейін бағалау. Жалпы 100 ден 30 балл үлесі тиесілі. Есептелу жолы:
колледж түлектердің жұмысқа тұруын растайтын құжаттарды тапсырады;
жиналған құжаттар төртке бөлініп есептеледі: зейнетақы жарнасы шотынан үзінді; жұмысқа қабылдану бұйрығы, еңбек шарты; жұмыс істейтін орнынан анықтама, бала күтімінде, әскерге қабылдану, оқуға түсу анықтамасы; жұмысқа жолдану жолдамасы. Зейнетақы шотынан үзінді кемінде 3 айдан көп болған жағдайда есепке алынып, 30 баллға теңестіріліп есептеледі. Еңбек шарты, бұйрық – 28, анықтама – 18, жолдама – 8, жұмыссыздық – 0 баллға ие;
мемлекеттік тапсырыс негізінде оқып, бітірген студенттер саны жоғарыдағы әрбір төрт құжаттың үлесіне бөлініп, қорытынды ұпай есептеледі.
3. Колледждің материалдық-техникалық базасының деңгейін бағалау. Жалпы 100 ден 20 балл үлесі тиесілі. 1 балл жатақхананың болуы, талапқа сай жабдықталуы, 19 балл материалдық-техникалық базаның жабдықталуына (өндірістік шеберханалар және оқу, оқу-өндірістік кабинеттерінің заманауи жабдықталу деңгейі, күрделі жөндеуден, аккредитациядан өтуі) беріледі.
4. Колледждің кадрлық ресурстарын бағалау. Жалпы 100 ден 20 балл үлеске тең. 2 тармаққа бөлініп есептеледі.
4.1. Жоғары деңгейдегі марапатқа 13 балл беріледі (республикалық, халықаралық конкурс, республикалық деңгейдегі марапат, облыс әкімі, облыстық мәслихат марапаты).
Есептелуі: республикалық деңгейдегі бір марапат 1-ге тең, облыс әкімі мен облыстық мәслихат бір марапаты 0,5 тең болып есептеледі. Қосынды баллға айналдырылып есептелінеді.
4.2. Жоғары және бipiнші санаттағы өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар және ғылыми дәрежелі (магистрлер) үлесінің олардың жалпы санының пайызға қарай бөлінуі: 35-39,9%-ға 1 балл, 55 және одан жоғары 6 баллға ие болады.