«Атамекен» бизнеске арналған «құжаттар конструкторын» іске қосты



Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің нақты қажеттілігіне қарай құжаттарды автоматты түрде құруға мүмкіндік беретін келісім-шарттардың заңды түрде  сауатты нобайларынан тұратын онлайн-сервисті іске қосты.

Заманауи ахуалда шағын және микро-бизнес өз қызметін белсендіру бойынша маңызды міндеттерді орындау, рұқсаттар мен мақұлдауларды алу, түрлі органдарға барумен қатар басты нәрсені – сауатты шарттар, заңгерлер мен бухгалтерлер кеңесі, заңдар мен актілер ережелерін білумен өзін қамтуды ұмытып кетеді.

 «Атамекен» бұл міндетті өзіне алып, BestProfi компаниясымен бірлесіп, бірегей сервис – «Құжаттар конструкторын»www.contract.аtameken.kz әзірледі.  

Жаңа сервистің артықшылығы қандай?

Шағын және микро-бизнеске арнап, «Атамекен» осы сегментке анағұрлым өзекті 100 құжатты дайындап, «Бизнес құқығын қорғау» айдарында ашық қолданыста жариялады. Бұл қызметкермен еңбек келісім-шарты (оның ішінде шетел азаматымен), атқарылған жұмыс актісі, дүңгіршек немесе асхананы жалға алу, бір реттік қызмет көрсету келісім-шарты және т.б.

Сервистің артықшылығы – кәсіпкер нұсқалық блоктарды қатар қолданып, өзінің қажетіне қарай құжаттарды «құрастыра» алады. Ыңғайлылық үшін сервис құрылған құжаттар нұсқасы тарихнамасы және контрагенттер деректерін сақтап отырады. Осылайша келесі жолы толтыру кезінде уақыт үнемделеді.      

Оңай және ыңғайлы 

 сontract.аtameken.kz сервисі пайдалануда ашық әрі ыңғайлы. Кәсіпкерлерге бар болғаны сайтқа тіркеліп, тегін «Бизнес құқығын қорғау» тарифын таңдау керек. Сервисте жарияланған келісім-шарттар үлгілері мүмкін болатын тәуекелдер ескерілген, кәсіпкерлердің құқығын қорғау механизмдері ойластырылып, әлеуетті шығындар барынша азайтылған. Бұған қоса әр құжат кәспкерлер арасында туындаған дауды сотқа дейін «Атамекеннің» Арбитраж орталығы арқылы шеше алатыны туралы тармақ бар. Дауларды осындай жолмен шешу – бизнестің уақыты мен қаражатын үнемдейді.  

Қосымша мүмкіндіктер

Сервисте дайын құжаттардан бөлек, азаматтық еңбек, қалмыстық құқық, бухгалтерлік саласында практикалық тәжірибесі мол сарапшылардың 500 дайын кеңесі жарияланған. Сонымен қатар сервиске кәсіпкерлік жайында мемлекеттік органдандың 10 000 жауабы қамтылған. Сайтта іздеу тетігі арқылы бухгалтерия, заңгерлік, маркетинг және басқа да мәселелер бойынша вебинарларды көруге болады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР