Түркістандық 90-ға жуық кәсіпкер жеңілдетілген несие алды
Өткен жылдың наурыз айынан жұмысын бастаған "Атамекен-Түркістан" микоқаржы ұйымы арқылы өңірдің 83 тұрғыны өз ісін дамытуға капитал алды. Олар жалпы сомасы 700 млн теңгеге жылдық 6% - бен жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. 1,1 млрд теңгеге 144 өтінім қаралуда.
Қаржы ұйымы жұмысы туралы бүгін мемлекетаралық "Turkistan tv" арнасындағы "Жаңа толқын" бағдарламасында тікелей эфирде «Атамекен-Түркістан» МҚҰ директоры Мади Ибадуллаев сұқбат беріп қайтқан болатын.
Айтуынша, қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі айналым қаражатын толықтыру (саудаға), техника мен жабдықтар сатып алу, сонымен қатар мал шаруашылығы саласында. Аймақтардан Түркістан, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Ордабасы аудандарының тұрғындары белсенді.
Еске салайық, несиені кез келген салада бизнесті дамыту үшін алуға болады. Тек микроқаржы ұйымы несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеу, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға бермейді. Несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі.
Қаражат «Бастау Бизнес», «Бизнес мектеп» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында соңғы 3 жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыған сертификаттары бар азаматтарға беріледі.
Ауылдық жерде тұратын азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына арқылы өтінім бере алады.
Түркістан облысындағы «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы Түркістан қаласы Қожанов көшесі, 42 «Атамекен» ғимаратының 2 қабатында орналасқан.
Өз кәсібіңізді дамытуға жеңілдетілген несие рәсімдеуге шақырамыз!