Бастау бизнес: Бәйдібек ауданында сұлулық салоны ашылды



Бәйдібек ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғыны Рамзия Абдуллина сұлулық салонын ашты. Кәсіпкерліктің қыр сырын меңгеріп, білімін арттырған Разия мемлекеттік грантқа қол жеткізген.
Қайтарымсыз қаражатына керекті құрал-жабдықтарын алып, Шаян ауылынан ғимаратты жалға алған кәсіпкер өз ісінің кәсіп көзіне айналдырғанына қуанышты.
Шаш қиюмен қатар қыз-келіншектердің шашын бояу, түрлі шаш үлгілерін жасау, тырнақ әрлеумен әзірге өзі ғана айналысып отырған жас кәсіпкер Рамзия Абдуллина қолға алған кәсібін алдағы уақытты үлкейтіп, қосымша жұмыс көздерін ашуды жоспарлауда.
Сонымен қатар шаштараз кәсібінің қыр-сырын меңгеруге ниет еткендерге арнайы курс оқытуға мүмкіндігі де бар.
Жалпы облыста 2021 жылы мемлекеттік грант 3100 азаматтарға, оның ішінде 1553 жастарға беру жоспарланды. 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 2500 адам грант алған (81%), олардың 950 жастар, 79 мүгедектігі бар азаматтар, 919 адам аз қамтылған қатарынан, 300 адам көпбалалы отбасылардың мүшелері, 6 қандастар, 1 адам пробация есебінде тұрған, 245 басқа санаттағы азаматтар.
Еске салсақ, бүгінде «Бастау» жобасының түлектерінде «Атамекен-Түркістан» МҚҰ арқылы жылдық 6%-бен несие алу мүмкіндігі пайда болды. Несиені кез келген саладағы жобаға алуға болады. Несиелеу мерзімі – 5 жыл, ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға – 7 жыл.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жоба түлектеріне жеңілдетілген несие алуда толық сүйемелдеу жасауға әзір!

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР