«Атамекен» жылдың үздік жас кәсіпкері есімін жариялады



Бүгін 27 қыркүйекте Астана EXPO аймағындағы Astana Hub ғимаратында «Жылдың үздік жас кәсіпкері» байқауы қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.

Байқау «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын дамыту аясында кәсіпкерлік қызметті жүргізіп жатқан 16-29 жас аралығындағы талантты жас буынды қолдау мақсатында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 50-ден астам қатысушыдан өтініш түсті. Қызмет көрсету, өнім өндіру, оқыту, IT-технологиялар саласындағы жобалар ұсынылды.

Марапаттау рәсімінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Хатшылығының төрайымы Ләззат Рамазанова қатысушыларды құттықтады.

«Жас кәсіпкерлерімізде идея көп, олар кәсіпкерлікті қолға ала отырып, мемлекет экономикасының қарыштап дамуына өз үлесін қосып, елге пайдалы болуды мақсат тұтады. Жастар ұсынған жобалар әралуан, барлығы да табысты деп айтуға әбден лайық. Жастардың идеялары үлкен жобалардың бастауы. Кәсіпкерлер палатасы жастар арасындағы жұмысты одан әрі жалғастырады»,-деді Л.Рамазанова.

Конкурсқа түскен жұмыстарды сараптау комиссиясы бағалады. Көпшілік дауыспен Шымкенттен келген 26 жасар Тәңірберген Есполовтың бизнес-жобасы үздік деп танылды. Жас жігіт жасанды ротангты тиімді пайдаланып «Royal comfort» тоқылған жиһаз фабрикасын құрған. Тәңірберген «Бизнес кеңесші» курсы бойынша оқудан өткен, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында оған бизнес-жоспар жасауға көмектескен. Осының барлығы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Жеңімпаз 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

«Фабрикамызда жасанды ротангты дайындаудан бастап дайын жиһазға дейін өндірістің толық циклі жолға қойылған.  Бізде күн райы ыстық болғандықтан, ротанг жиһазы ел арасында өте танымал, үлкен сұранысқа ие.  Жиһаз қолмен тоқылады, ерекше күтімді қажет етпейді және пайдалануға ыңғайлы. Жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Біз бұл бизнесті таңдап алдық, әрі қарай жалғастырамыз, өсеміз», - деді Тәңірберген Есполов.

Байқауда екінші орынды Ақтөбе қаласының кәсіпкері Арман Сәкішев алды, ол әлемдік стандарттар бойынша жұмыс істейтін «Dental-centre» клиникаларының желісін ашқан. Клиникада американдық зертханалармен бірлесе отырып, күрделі талдаулар жүргізіледі, ал тәжірибелі дәрігерлер кез келген клиентке қуаныш сыйлауға дайын. Жеңімпаз 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

Үшінші орынды талдықорғандық Елдос Баялышбаев иеленді. Жол-көлік оқиғасынан кейін жас жігіт мүлдем жүре алмады, бірақ емдік дене шынықтырудың, массаж бен өз күшіне сенудің арқасында Елдос алдымен орындыққа отыруға үйреніп, екі айдан кейін өздігінен қозғалып бастайды. Қазір ол тірек арқылы болса да, аяқта тұр, қол мен аяқтың жұмысын ішінара қалпына келтірді. 2014 жылы ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық-сауықтыру орталығын ашуға 3 млн теңге көлемінде грант ұтып алған. Қазір Елдос мүмкіндігі шектеулі және БЦП диагнозы бар адамдардың қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге көмектеседі. 

«Әрине, осы байқауда жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қазіргі уақытта тағы бір жобаны жүзеге асырдым және Алакөлде ерекше күтімді қажет ететін адамдарға арнап жалғыз  мамандандырылған пансионат салдым», - дейді Елдос Баялышбаев.

Жас кәсіпкерлер арасындағы «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауында екібастұздық Виктория Волошина ынталандыру сыйлығына ие болды. Ол байқауға лазерлік нақыштау және ағаш, мата, тері, қағаз, гранит, мәрмәр, металл және пластиктен жасалған кәдесый өнімдерін шығару жобасын ұсынған болатын.

«Мен тігіншімін, ательеде жұмыс істедім, бір күні құттықтау хаттарын жасаумен айналысамын деп шештім, - деді Валентина. – Жұбайым қолдап машина сатып алып, мені жұмыс істеуге үйретті. Маған өте ұнады, алғашқы клиенттер пайда болды. Бүгін біз түрлі өнімдер – шкатулкалар, фото рамкалары, ерекше интерьер заттарын дайындаумен айналысамыз. Клиенттер өз идеяларымен келеді, адамдар сіздің талғамыңызға сенген кезде, өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді. Сыйлық мен үшін күтпеген жағдай болды, оны жеңіп алғаным маған сенім артқандық деп санаймын», - деді Виктория Волошина.

«Жылдың үздік жас кәсіпкері» байқауының марапаттау рәсімі аясында жастар жобаларының көрмесі де өтті.

Үшінші орын мен 300 мың теңгені павлодарлық Валерия Наркизованың жобасы алды. Ол «Жасмин» ательесін ашып, балалар комбинезонын, жаңа туған нәрестелерге арналған спорттық костюмдерді тігумен айналысады.

«Бірінші комбинезон сондай әдемі емес еді, бірақ жылы болды - деп күлді Валерия -Біздің өңірде өнімімізге үлкен сұраныс жоғары. Киімге пайдаланылатын тенцуль материалының баламасы Ресейде бар, бірақ өте қымбат. Ол синтепоннан жеңіл, жылы, гипоаллергенді және баланың бірінші күнінен бастап жарамды».

Көрмеде екінші орынды талдықорғандық Олжас Закиров иеленді, ол инновациялық-композициялық материалдан санитарлық-техникалық бұйымдар шығарумен айналысады. Олжас 400 мың теңгеге ақшалай сыйлық алды.

«SmartBook» жобасының авторы Бақтияр Бақыткелді 600 мың теңге көлеміндегі бірінші орын мен сыйлықты жеңіп алды.

Арнайы сыйлыққа «Smart Age» жобасын ұсынған астаналық Ғайни Кутумов ие болды. Ол смартфоннан пәтердегі розеткалар мен ажыратқыштарды іске қосуға мүмкіндік беретін құрылғыны ойлап тапқан.

«Маған өз ісім ұнайды, - деді идея авторы. – Алдағы уақытта осындай құрылғылар барлық пәтерлерде болатынына сенімдімін.  Бала розеткаға түсіп қалады деп қорықпайсыз, жүйе қауіпсіздікті қамтамасыз етеді»,дейді ол.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР