Кентау трансформатор зауыты – табысты менеджмент үлгісі



ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Кентауда өткен халықаралық форумда 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында электр жабдықтарын өндіру секторын дамыту түйткілдері мен келешегі талқыға салынды. Талқылауға Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері, Ресей, Италия, Түркия, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан ұлттық компаниялары мен энергетикалық кәсіпорындары басшылары қатысты.

Форумды Кентау трансформатор зауытының аумағында өткізуге шешім қабылданды. Бұл мемлекет қолдауын алған жоғары талап етілетін электр жабдықтарын шығару жөніндегі жалғыз қазақстандық кәсіпорын. Бүгінгі таңда КТЗ – басқа кәсіпкерлер үшін табысты менеджмент үлгісі.

«Жаңа цехтар ашып, жұмыс орындарын құрғымыз келеді, бұл импорттан бас тартуға мүмкіндік береді. Қазірде көптеген толымдаушыларды шетелден әкелудеміз», - деді «КТЗ» АҚ менеджері Серік Айтөреев.

Кентау трансформатор зауытының бірнеше жыл ішінде көтеріліп кеткенін айта кету керек. 2007 жылдары ол банкроттық шегінде жатқан еді. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жылдарының ішінде кәсіпорында жабдықтардың 95 пайызы жаңартылды. Бүгінгі таңда зауыт өнімі экспортының үлесі  30 пайызды құрайды.

Қазақстанда электр жабдықтарын өндірудің келешегі бар, деп есептейді форумға қатысушылар. Бірақ мамандарды даярлауда проблемалар баршылық.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Қасымбековтың айтуынша, Кентау зауытының тәжірибесі үлгі тұтарлық: «Кәсіпорын базасында колледж ашылды. Жас мамандар жұмыс орнынан алысқа бармай кәсіптік білім алады».

Тағы да бір түйткіл – Қытай, Белорусь және Ресей электр жабдықтарын өндірушілер тарапынан осы саладағы бәсекелестіктің жоғарылығы. Сарапшылардың ойынша, Қазақстанның импорттан алшақтағаны дұрыс, оның үстіне елімізде әлеует те жетерлік. Сонымен қатар форумға қатысушылар Қазақстанда қолдаудың жақсы құралдары – жеңілдікпен қаржыландыру, кредиттер және лизинг бар екенін атап өтті.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов бизнесмендерді салалық кәсіпорындар үшін толымдаушыларды өндіруге белсене араласуға шақырды және форумда талқыға түскен энергетика саласының барлық жүйелік проблемалары бойынша ұсыныстардың Ұлттық палатаға одан арғы шешімдер қабылдану үшін жолданатынына сендірді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР