Түркістандық кәсіпорындар Президенттің "Алтын сапа" байқауына қатысады



2021 жылы конкурсқа қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен алдын ала оқыту семинарларынан өткен 160 кәсіпорын өтінім берді. Түркістан облысынан байқауға5 кәсіпорын қатысып жатыр. Олар:
«Бөрте Милка» ЖШС - сүт өнімдерін өңдейтін жоғары технологиялық зауыты. Сүт тауары фермасы шведтік DeLaval компаниясының ең озық технологиясын пайдалана отырып салынған. Бұл компания әлемдегі сүт фермаларының сауу, азық тарату және басқа да технологиялық процестерін автоматтандыруға арналған жабдықтың жетекші өндірушісі болып табылады.
«Балмұздақ» ЖШС – ұдайы заман талабына сай озық технологияларды ендіріп, балмұздақ өндірісі үшін қажетті барлық шикізатпен қамтамасыз етілген, арнайы талапқа сай сертификаттары бар кәсіпорын. Бүгінгі таңда 200-ден астам жұмысшысы бар кәсіпорында 50-ге жуық балмұздақ түрі өндіріледі.
«Қайып ата» ЖШС– ет өндіріп қана қоймай, оны шет елдерге экспорттау жұмысын да қолға алған кәсіпорын. Кешенде бүгінде 5 мыңға жуық ірі қара бордақылануда. Кешенде өсірілетін төрт түліктің еті экологиялық жағынан таза әрі сапалы болғандықтан сұраныс өте жоғары.
**"Кентау трансформатор зауыты" АҚ **- республика бойынша трансформатор жасайтын бірден бір зауыт. Іргесі 1959 жылы қаланған. Зауыт негізінен электрмеханикалық жабдықтар шығарады.
**"Төлеген санаториясы" ЖШС - **демалушылардың ыстық ықыласына бөлініп отырған сауықтыру орталығының бірі. 1999 жылдан бастап өңірімізде жұмыс жасап келе жатқан бұл орталықтың мақсаты науқастарды емдеу. Мұнда 50 түрлі түрлі медициналық қызмет көрсетіледі.
**Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2021 жылғы 7 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында өтеді. **
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков өңіріміздің кәсіпорындарына сәттілік тіледі.
 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР