Мониторингтік топтың тексеруі: кәсіпкер нені білуі қажет?

Кездесуде кәсіпкерлердің мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың іс-қимылы бойынша жаңа алгоритм, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау бойынша талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша түсініктеме берілді.
Жиында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде қабылданған жаңа алгоритм қабылданғанын айтып өтті. Онда вакцинацияны тексеру бойынша рейдтер жүргізу тәртібі көрсетілген.
Айтуынша жеке және заңды тұлғалардың шектеу іс-шараларын бұзу фактілері анықталған кезде СЭС органдарына материалдарды жібереді, оларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін өндіріске қабылдайды.
Сондай-ақ, СЭС тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен объектілерді жоспардан тыс тексеруді жүзеге асырады. Заңды талаптар, берілген ұйғарымдар/қаулылар орындалмаған жағдайда іс қозғалған кезде СЭС материалдарды сотқа береді. Бұдан кейін мониторингтің электрондық актісі қалыптастырылады, онда жүргізілетін рейдтің дұрыстығын мониторинг субъектісі тексеру үшін жасалған QR-код қамтылуға тиіс.
Вакцинациялау бйынша Мониторингтік топ рейдтері жұмыс күндері жұмыс уақытында сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүргізілетінін атап өткен жөн.
Мониторингтік топ (қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін – қызметкерлердің кемінде 10%-і, 201-ден 500-ге дейін - кемінде 5%, 501-ден 1000-ға дейін - кемінде 3%, 1000-нан көп - кемінде 1%) "Ashyq" қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін тексереді және жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырады.
"Егер статусы "жасыл" емес қызметкер анықталса, вакцинасыз жұмыс орнында болу құқығын беретін қағазы болмаған жағдайда мониторингтік топ нақты осы тұлғаларды көрсете отырып, материалдар қалыптастырады және шешім қабылдау үшін СЭС органдарына жібереді.
Кәсіпорынға (басшыға не өзге уәкілетті тұлғаға) вакциналанбаған жұмыскерлерді қызмет объектісіне жіберуді шектеу қажеттілігі түсіндіріледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мониторингтік топтардан келіп түскен материалдардың негізінде объектіге санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы қаулы жолдайды.
Қаулыда белгіленген мерзім ішінде қызметкерлерді жұмыс орнына негізсіз жіберу фактілері қайта анықталса, жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.
Мониторинг топ мынадай бұзушылықтар негізінде рейд жүргізеді:
- объектінің қызметін шектеуге қойылатын талаптардың сақталмауы (жұмыс режимі);
- отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуді шектеу талаптарын сақтамау;
- әлеуметтік қашықтықты сақтамау;
- маска режимін сақтамау;
- келушілер санының лимитінен асуы;
-қызметкерлерде COVID-19 вакцинасының 1-ші және/немесе 2-ші компонентімен вакцинацияның болуы.