Atameken Services жобасы іске асуда



Енді оңтүстіктің кәсіпкерлері «Атамекен» ҚР ҰКП қызметтеріне қашықтықтан тапсырыс бере алады. Әр облыстың Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында электронды сервистік қызмет көрсетудің «Atameken Services» жобасы өз жұмысын бастады.                                                                                                                                                                                 Бұл сервисті қолдану үшін Services.Atameken.kz платформасында тіркелу қажет. Бұл үшін кәсіпкер қажетті ақпаратты толтырып, телефон номерін көрсетуі тиіс, одан кейін арнайы код көрсетілген SMS хабарлама келеді, сол кодты тергеннен кейін жүйе ашылады. Мұнда 9 бағыт бойынша 69 қызметті тегін алуға болады.                                                                            Атап айтсақ: Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, статистикалық есептілікті дайындау қызметі; Кеден процедуралары бойынша қызметтер; Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу; Заңгерлік қызмет көрсету; Маркетинг мәселелеріне қатысты қызметтер; Ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсету саласында кеңес беру; Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер; Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында кеңес беру бар. Atameken Services порталы тұтынушылар үшін кез келген уақытта қол жетімді. Бұл қолданушыларға қажет ақпаратты іздеудің  қарапайым және тиімді әдісі.                                                                                                                                                                                 Бүгінгі күні электронды қызмет көрсету арқылы 80-ге жуық оңтүстіктің кәсіпкерлеріне онлайн-қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл өте ыңғайлы және уақытты үнемдеуге мүмкіндік бермек.                                                         Бұдан басқа, бизнес саласындағы электронды қызмет түрлері шағын және орта бизнестің дамуына оң әсер етіп, сыбайлас жемқорлыққа тойтарыс бермек. Тағы бір маңызды жай, еліміздегі табысты кәсіпкерлік оқиғаларының ірі қоры, бизнесін енді бастаған жандарды ынталандыруға септігін тигізбек.

 

 

 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР