Бизнесмендер кәсіпкерлік қызмет туралы жаңа заңды қолдады



Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы заңына ОҚО кәсіпкерлері үлкен қолдау көрсетті. ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директордың құқықтық сұрақтар бойынша орынбасары Қ.Акеновтың айтуынша,  109 заңға, 14 кодекске мыңнан астам түзетулер енгізілді. Бұл жыл бойы Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүргізген үлкен жұмысының нәтижесі.                                                                                                                   Айта кетейк, 24 мамырда Мемлекет басшысы кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру үшін тиісті заңға қол қойды. Заңмен 14 кодекс пен 109 заңға 1000-ға жуық түзету енгізіледі. Бизнесті қайта реттеу және оның шығындарын азайту, әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру бойынша жүргізіліп жатқан саясатты ескере отырып, заң төмендегі бағыттар бойынша әзірленген. Олар – мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалау, ақпараттық құралдарды реттеу, табиғи монополиялар субъектілері және квазимемлекеттік сектор көрсететін міндетті қызметтерді реформалау, бизнес шығындарын түбегейлі төмендету, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау және алып тастау, Қазақстанның «Doing Business» рейтингінде позицияларын жақсарту. Жүйелі түрде жүргізілген реформалар арқасында бүгінде кәсіпкерлік субъектілерге қатысты тексерулердің жалпы саны 2010 жылдан 4,2 ретке немесе 76,6  пайызға қысқартылды. Сонымен қатар 2013 жылғы, яғни жоспарлы тексерулер жүргізілген кезеңдегі, 2014 жылғы, жоспарлы тексерулерге мораторий жарияланған кезеңдегі, сондай-ақ 2015 және 2016 жылдарғы кезеңдегі, яғни іріктеме тексерулерге ауыстыру жүзеге асырылған кезеңдегі деректерді салыстырып тексеру кезінде қолай­сыз оқиғалардың саны түбегейлі өзгерген жоқ. Осыған байланыс­ты біз мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін түбегейлі өзгертуді ұсындық. Осындай өзгерту жаңа профилактикалық бақы­лау институтын енгізуді көз­дейді. Ол әкімшілік істі бастамай, құқық бұзушылықтардың про­фи­лактикасын жүргізеді. Өз кезегінде, ол прокуратура органдарында тіркеу, тексеру субъектісіне хабарлау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай бақылау нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі. Бұл ретте, осындай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, оны қайта тексеру мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізуге мемлекеттік органның құқығы сақталады. Ол кәсіпкерлікпен әріптестік өзара қарым-қатынас жасауға және қалыптасқан мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесінің танымын және тәртібін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл, кәсіпкерлердің негізгі қызметіне кедергілеріне ба­й­­ланысты шығындарын және қысымды, сондай-ақ сыбайлас жем­­қорлықты азайтуға мүмкіндік бере­ді. Сонымен бірге бүгінде бар бол­ған 144 саланың 20-сы және 544 ба­қылау функциясының 108-і алы­нып тасталады. Оларды алып тас­таудың негізгі себебі қай­талануы және жүзеге асыру кезінде тиімділіктің болмауы болып табылады. Сондықтан тұтыну­шылардың қауіпсіздігі тиісті дең­гейде қамтамасыз етіледі                                                                                                                 Енгізілген бұл өзгерістерді өздері үшін жасалынған кәсіпкерлер де қолдауда. Шымкенттік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ірі кәсіпкерлер заңға қолдау көрсетті.                                                                                                              «Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолдау туралы қол қойылған жаңа заң өте өзекті. Әсіресе бизнес қауымдастық үшін. Бұл құпия емес, кәсіпкерлердің жұмысында кедергі келтіріп, қиындық туғызатын кейбір сәттер болды. Мысалы, бірдей салық есептілігі, оның формалары көп болған. Қазір олардың саны айтарлықтай төмендеді. Енді біз, салықтық есепті тапсыруға кеткен уақытты өзіміздің  бизнесімізді дамытуға жұмсайтын боламыз",- деді кәсіпкерлер.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР