Успешные предприниматели

«Қазына жер» ЖШС-ң бас директоры Ахметов Алымжан Абсаттарұлы

«Ерте тұрған жігіттің ырысы мол болады» демекші, ерте тұрып, ерінбей еңбек ету -  жетістіктің құпиясы

 

1. Сіз бизнес саласына қалай келдіңіз ?

- 2002 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, бизнес саласынабірден келе қоймадым. Алдыменен «Ордабасы корпорациясында» жұмыс істеп, Астана қаласына көшкен болатынбыз.  Көптеген тендерлерге де қатысып көрдік. Соңғы 3 жылдың ішінде ауыл шаруашылық саласына тоқтадым. Бұл салаға келуіме әкем себепкер. Неге десеңіз?! Қазіргі таңда бұл салаға қатты көңіл бөлініп, Елбасының тарапынан  жақсы қолдау тауып отыр. Ауыл шаруашылығы еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтынын түсіндірді. 

Өз кәсібіме тоқталсам, 800 басқа арналған сүтті-тауарлы фермамыз бар. Жақында тағы Канададан алып келген 400 бас сауын сиырлары қосылды. Осының арқасында «Фудмастер» және «Алтын дән» компанияларына күніне 8 тонна сүт өткіземіз. Екінші жобамыз - ол жүгері және соя өсіру. Бұл өнім қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. 2 жылдың ішінде 1000 гектар суармалы жерде және тамшылатып суару арқылы игеріп отырмыз. Алайда, жеріміз жетеді, жоспарда 6000 гектар жердіигеруойымыз бар. 

2. Бизнесіңізді бастар алдында қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?

- Өз бизнесімізді бастар кезінде біріншіден, тиісті органдардан ешқандай қиыншылықтар болған жоқ. Керісінше, жақсы қолдау көрсетілді, әлде де көрсетілуде. Ал екіншіден, бізді қаржыландырып отырған институт «КазАгро». Кезінде тек құжат дайындау процессі кезінде күрделі мәселелер туындады. Бірақ уақытылы шешіліп, бұл институтпен жұмыс барысында ешқандай қиыншылықтар туындаған жоқ. Қаржылай көмек көрсетіліп, жұмыс ойдағыдай жүруде. Мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетіліп отыр. Мәселен, осының алдында субсидияны алу мәселесі өте қиынға соғатын. Бірақ, ауыл шаруашылық басқармасынан субсидияны  тіпті уақытынан бұрын алып отырмыз. 

3. Компанияңыз осы күнге дейін қандай жетістіктерге жетті?

- Бірінші жобамыз сүтті-тауарлы фермадан бастасам, облысымызға ең алғаш рет шет елдерден сауын сиырларын біз алып келіп отырмыз деп айта аламын. Әрине, көлемі де 800 басқа жетіп отыр. Бүкіл Шымкент қаласындағы фермалардың алдыңғы қатарындамыз. Екінші айтылатын мәселе, Президентіміз тамшылатып суғаруды біздің болашағымыз деп әрқашан айтып отырады. Бұл жоба бойынша да, ең бірінші рет үлкен көлемде тамшылатып суғарумен 300 гектарға жүгері  егілді. Оның жемісін бүгінгі күні көріп отырмыз. Жақында өткен «Алтын күз» ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің төл мерекесінде облыс әкімі алтын медальмен марапаттады. 

4. 5 жылдан кейін компанияңызды қалайел есететесіз? Сонымен қатар жоспарларыңыз бар ма?

- Алға қойған мақсаттарымыз әрине бар. Біріншіден, суармалы жеріміздің көлемі 6000 гектарға жетті, болашақта жер көлемін арттырып, алдыңғы 5 жылдың ішінде 10 000 гектарға жеткізіп, жүгері және сояны егуді жоспарлап отырмыз. Сонан соң сауын сиырдың санын  қазір 800-ге жеткізсек, 5 жылдың ішінде 2000 басқа арттыру ойымыз бар. 

5. Өзіңізді қандай басшы деп санайсыз? Қатал ма? Жұмсақ па? Әлде әділетті ме?

- Қысқаша айтатын болсам, жағдайға байланысты қатал болу керек жерде қатал боламын, әділетті болу керек жерде тиісінше әділетті боламын. 

6. Өзіңіздің қол астыңызда қанша қызметкер  жұмыс істейді және оларды қандай талаптар бойынша жұмысқа қабылдайсыз?

- 100-ден аса қызметкерқол астымда жұмыс істейді. Әрбір қызметкер өз саласының маманы болуы керек. Заңгер заң саласында, экономист экономика саласында деген сияқты. Ал егіншілік саласында ең бастысы  жақсы бригадир болу керек. Егер бригадир бұл саланың қыр-сырын білген кезде, жұмыс оңтайлы жүреді. Ал, сүтті-тауарлы фермаға келетін болсақ, мал дәрігерлері, зоотехниктарымыз өз ісінің  білікті мамандары болып келеді. Сонымен қатар, жаңдан жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мамандарды үйретіп, оларды да жұмыспен қамтамасыз етіп отрымыз. 

7. Облысымызда орта және кіші бизнесті дамыту үшін және санын көбейту үшін не істеу керек?

- Елімізде кіші және орта бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау өте жоғары дәрежеде. Елбасы бірде Сарыағаш ауданында кәсіпкерлермен кездесуінде былй деген еді: «Осы көмек түрлерінен басқа не керек?!». Менің айтарым, барлығы да жеткілікті, көңілден шығарлық, тек қана еңбек ету керек қалғанынын барлығын мемлекет жасап жатыр.  

8. 2015 жылдан кейін күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанға не береді деп ойлайсыз?

-Мүше елдер үшін үлкен нарық құрылды. Ең басты ерекшелігі – кедендік кедергілер жойылады. Сол елдердің өнімдері бізге келіп, біздің өнімдеріміздің жаңа нарыққа шығу мүмкіндігі пайда болады. Соның есебінен таңдау көбейе түседі, бағаның тұрақтылығы мен тауарлардың жақсаруына алып келеді. 

9. Елімізде Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы 1 жыл бұрын құрылған болатын. Осы ұйым туралы не айта аласыз?

- Өте орында құрылған ұйым. Кәсіпкерлердің құқығы мен мүдделерін қорғау, бизнесін кеңейту және т.б. туындаған күрделі мәселелерді шешетін дер кезінде ашылған ұйым. Палатаның ашылғанына қуанамыз және қолдап отырамыз. 

10. Өзіңіздің дамуыңызға қалай уақыт бөлесіз, мысалы бизнес-семинарларғаға, арнайы тренингтерге қатыстыңызба немесе ХБА бағдарламасын өттіңіз бе, алде жоспарлаудасыз ба?

- Уақыттың тығыздығына карай, бос уақытым жоқ. Бірақ, өзімнің дамуыма қатты көңіл бөлемін. Палатаның кеңсесінде Халықаралық бизнес академиясының өкілдігі ашылып, осы оқу орнында МBA бағдарламасымен оқып жатырмын. 

11. Өзіңіздің отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз?

- Осының алдында Астана қаласында тұрдық. Жұмыс бабымен Шымкент қаласына көшіп келген болатынбыз. Жұбайым «Достық» қонақ үйінде бас администратор болып жұмыс істейді. Бір ұл, екі қызым бар. Әке-шешеммен бірге тұрамыз. Ол кісілер мен үшін ақылшым да, кеңесшім де. 

12. Өзіміздің сұхбатымызды аяқтай келе, соңғы сұрағым бар. Сіздің жетістігіңіздің құпиясы неде деп ойлайсыз?

- «Ерте тұрған жігіттің ырысы мол болады» демекші, ерте тұрып, ерінбей еңбек ету -  жетістіктің құпиясы.

 

Сұхбатыңызға рахмет!