Арыс қаласы
Құрылған жылы: 1928 жыл
Ауданы: 6,3 мың.ш.ш.
Облыс орталығына дейінгі қашықтығы: 60 км.
Орталығы: Арыс қаласы
Аудандар саны: 8
Елді-мекендер саны: 38
Халық саны: 66,8 мың адам.
Ұлттық құрамы: қазақтар-95,2%, орыстар-3,0%, басқа ұлт өкілдері - 1,8%
Арыс қ. өнеркәсібі
Арыс қаласындағы өнеркәсіптік өнім өндірісінің (тауар, қызмет) көлемі 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 5 160 183 мың теңгені құрады, ал 2012 жылы 6 114 983 мың теңгеге жетті, 2011 жылмен салыстырғанда 102,9 %.
•Өнеркәсіп өнімдері 2012 жылы 5035 млн. тенгеге тең болды.
•Шығарылған өнім көлемі (тауарлар мен қызметтер): 12,4 млрд.теңге
•Негізгі капиталға инвестицияны игеру (бюдж.қаражатынсыз): 2302 млн.теңге
Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2013 жылғы кіші және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны
•Тіркелген заңды тұлғалар: 487, әрекет етушілері: 182
•Тіркелген шаруа қожалықтары: 868, әрекет етушілері: 546
•Тіркелген ШОБ субъектілері: 1355, әрекет етушілері: 728
Облыстық салық департаменті мәліметтеріне сәйкес салық төлеушілер саны
•2012 жыл бойынша әрекет етуші ШОБ субъектілері: 2878, төленген салық: 173,4 млн. тенге
•2011 жыл бойынша әрекет етуші ШОБ субъектілері: 3075, төленген салық: 119,7 млн. тенге
Ауыл шаруашылығы
Егін шаруашылығы
Ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің жалпы ауданы: 411,5, егістік 43,8; суармалы жер, барлығы: 17,6, оның ішінде қолданылғаны: 9,05; Тәлімді барлығы 26,2, оның қолданылғаны: 12,15. Жайылымды жерлер: 356,5; Көпжылдық көшет, ағаш отырылым егістері: 03; шабындықтар: 5,0.
Өңдеу, ұқсату
Ауыл шаруашылық өнімді ұқсататын кәсіпорындар көрсеткіштері
Ет өнімдерін ұқсататын кәсіпорындар
01.01.2013 ж. кезеңіне өндірілген өнім көлемі, тн.- 3691
01.01.2013 ж. кезеңіне ұқсатылған өнім көлемі, тн- 210
Етті ұқсату үлесі – 7,4%
«Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай 27% көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын ұқсату үлесін - 2,5% көбейтіп отыру керек.
Сүт өнімдерін ұқсататын кәсіпорындар
01.01.2013 ж. кезеңіне өндірілген өнім көлемі, тн.- 12851
01.01.2013 ж. кезеңіне ұқсатылған өнім көлемі, тн - 596
Сүтті ұқсату үлесі – 4,6%
«Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай 40% қол жеткізу үшін ұқсату үлесін жыл сайын - 4,4% көбейтіп отыру керек.
Жеміс-көкөністік өнімді ұқсату кәсіпорындары
01.01.2013 ж. кезеңіне өндірілген өнім көлемі, тн.- 12700
01.01.2013 ж. кезеңіне ұқсатылған өнім көлемі, тн-10952
Жеміс-көкөністік өнімді ұқсату үлесі – 86,2%
•Дәстүрлі бағыт
–Темір жол транспорты
–Уақ мал шаруашылығы
–Қаракөл шаруашылығы
–Көкөністі ашық жерде өсіру
–Бақша дақылдары
–Бидай, жүгері
–Мақсыр
Пайдалы қазбалар
Бентонитті саз – Монтайтас Арыс ауданында, Шымкент қ.-нан батысқа қарай 50 км жерде орналасқан, керамзит өндіру үшін қолданылады.
Әктас: 1. Әктас-ұлутастардың кен орны Монтайтас. Кен орны Арыс ауданында, Арыс темір жол станциясынан оңтүстікке қарай 30 км және Ақтас темір жол разъедінен шыыс пен батысқа қарай 200-250 м жерде орналасқан.
2. Үнгүл кен орны Арыс ауданында, Қожа-Тоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км жерде орналасқан. Қабырғалық тастың 25-тен 300-ші үлгісі ретінде жарамды.
Саз-гипстер: Байтоғай кен орны Арыс ауданында Қожа-Тоғай ауылынан оңтүстікке қарай 9 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ғимараттарды сылау үшін қолданылады.
Бетон мен силикаттық бұйымдар үшін құм: 1. Арыс III кен орны Арыс ауданында, Арыс т/ж станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, №41 т/ж станциясы (Талдықұдық) жанында орналасқан. Табиғи жағдайда елеуден өткен құм сылау және қалау жұмыстарына жарамды. Байытылғаннан (жуылғаннан) кейін құмдар асфальтты бетонды қоспалар үшін, ауыр және гидротехникалық бетон мен силикаттық кірпіш үшін қолданылуы мүмкін.
Халыққа жетіспейтін негізгі азық-түліктер
Күріш (тн) – 570,4
Алма (тн) – 1396,6
Картоп (тн) 4139,2
Құс еті (тн) – 286,0
Жұмыртқа (ондық) – 2439
Нан (тн) – 4205,9
Айына электр энергиясын өндіру мен тұтыну туралы мәліметтер
•Электр энергиясын тұтыну (МВт): 15,0
•Электр энергиясын өндіру: 0 МВт
•Дефицит: -15,0 МВт.
Арыс қ. Экономикалық дамуы бойынша ұсыныстар
Технология:
Ет ұқсататын комбинат
Сүт комбинаты, сүт өнімдерінің кең ассортименті
Жем дайындайтын комбинат
Май комбинаты
Дәнді дақылдардан дайын өнімдер шығару цехы: ботқа, жарма, макарон, печенье және т.б.
Консервіленген және мұздатылған жоғары сапалы өнімдердің жеміс-көкөніс цехы
Ауыл шаруашылығы:
Аудан мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысады. Жайылым жерлері жеткілікті. Мал өсіруге жағдай бар, бірақ асыл тұқымды сиырлардың жоқтығынан аз сүт, төмен майлылықпен береді. Сүтті ұқсату бойынша цехтар салу қажет. Қазіргі таңда қызанақ, мақта егу, бағбаншылық үшін суарудың тамшылық жүйесі қолданылады. Бидайды ұқсату бойынша диірмендер бар (Қытай, Туркияда шығарылған).
Ауданда жүгері, рапс, қызылша өсірілмейді, осы дақылдарды дамыту қажет.
Ауданда Көксарайлық контрреттегіш (3 млрд.текше сыйымдылықты) салынған. Балық шаруашылығын дамытуға болады.
Жер ресурстары:
Суарылатын алқаптарды 90 мың га тыңайған жерлерді игеру арқылы арттыру, оның ішінде.:
1)Қызылкұм алқабы (Отырар ауданы және Арыс қ.) – 60 мың га
2)Көксарай контрреттегіші (Арыс қ.) – 10 мың га
Фермерлік:
Ірі қара, жемдеу, сүттің жаңа фермалары
Құс фермалары
Егін шаруашылығы:
Осы жерге тиімді жаңа дақылдарды дамыту қажет: жемшөптік дақылдар, дәрілік өсімдіктер, зәйтүндік бақшалар және т.б.
Көшетханалық және жылыжайлық қожалықтар, тамшылық суару алаптары.
Инженерлі-техникалық қызмет көрсету:
Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу цехтары
Өнеркәсіптік және тұрмыстық құрал-жабдықтарды жөндеу-өндіру цехы
Энергетикалық құрал-жабдықтарды жөндеу-өндіру цехы
Жергілікті шикізаттан құрылыс материалдар:
Бентонитті саздар – керамзит өндірісі, әктастар – қаптағыш тастар, сазды-гипстер – ғимаратты сылау материалдары, бетон мен силикаттық бұйымдарға арналған құмдар – силикатты кірпіш.
Энергетика: Өнеркәсіптік және тұрғын үй объектілеріндегі энергия үнемдегіш технологиялар. Өнеркәсіптің дамуы үшін баламалы энергия көздерінен электростанция салу қажет.
Жобалар: Қызанақ ұқсататын «Ақ Дала» ЖШС зауытын «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-дан сатып алу үшін инвестор табу және томат пастасын құю бойынша желіні жолға қою.