Кентау қаласы
Кентау ауданы паспорты
Жалпы ақпарат:
• Кентау қаласы Шымкент қаласынан 192 км қашықтықта, Түркістан қаласынан 30 км жерде орналасқан.
• Қаратау тауынан (Бессаз, 2176 м) бастау алатын ұсақ өзендер жүйесі бойынша орналасқан. Жауын-шашын көлемі және жауын-шашынды күндер көлемі аз болу тән. Топырақ жабындысы ашық оңтүстік сұр топырақты.
• Қаратау етегі төмен жазығы – кәдімгі сұр топырақ. Агроклиматтық жағынан бұл тау аймағы. Пайдалы қазбалардың елеулі ресурстары бар: фосфорит, барит, кендік шикізат орындары (асыл, түсті және сирек металдар), қорғасын мен мырыштың қорлары.
Аудан өнеркәсібі
Кентау өнеркәсіптік өнім өндірісінің (тауар, қызмет) көлемі 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 14 262 922 мың теңгені құрады, ал 2012 жылы 14 646 859 мың теңге болды. 2011 жылмен салыстырғанда 106,7%.
Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2013 жылғы кіші және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны
· Тіркелген заңды тұлғалар: 224, әрекет етушілері: 82
· Тіркелген шаруа қожалықтары: 273, әрекет етушілері: 224
· Тіркелген ШОБ субъектілері: 497, әрекет етушілері: 306
Облыстық салық департаменті мәліметтеріне сәйкес салық төлеушілер саны
· 2012 жыл бойынша әрекет етуші ШОБ субъектілері: 2458, төленген салық: 279,4 млн. тенге
· 2011 жыл бойынша әрекет етуші ШОБ субъектілері: 1977, төленген салық: 127,9 млн. тенге
• Дәстүрлі бағыттар
– Машина жасау (трансформаторлық)
– Мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ)
– Көкөніс, картоп және бидай.
• Ағымдағы жағдай:
– 1565 га суармалы жер, бүгінгі таңда 1368 га егістік себілген. Тамшылап суару технологиясы енгізілуде. Көкөніске бағаны ұстап тұру үшін қысқы кезеңде көкөніс қоймалары салынады.
– Ауданда мал шаруашылығы дамуда. Бүгінгі таңда аудан өзін етпен қамтамасыз етуде, сондай-ақ сүт бағыты да дамып жатыр. Географиялық жағдай бойынша қала таулы-тасты жерде орналасқан, сондықтан ауыл шаруашылығын дамыту қиынға соғады.
– Қалада бірнеше ірі өндірістік кәсіпорындар бар. Негізгі проблема: суармалы жерді қамтамасыз ететін «Ырмақ» су қоймасындағы су көлемі жеткілікті болу үшін суқоймаға апаратын 156 га суармалы желілер, арналарды тазалау бойынша ертелік жұмыстарды бастау қажет.
Сондай-ақ, Кентауды ауыл шаруашылық саласында дамыту үшін жаңа технологиялар мен инвестициялар қажет.
Айына электр энергиясын өндіру мен тұтыну туралы мәліметтер
· Электр энергиясын тұтыну (МВт): 22,3
· Электр энергиясын өндіру: 4,5 МВт(5-ЖЭО)
· Дефицит: -17,8 МВт.
Ауыл шаруашылығы
Егін шаруашылығы
Ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің жалпы ауданы (мың га) – 13,6, егістік – 6,2; суармалы жер, барлығы - 2,4, оның ішінде қолданылғаны: 1,51; Тәлімді барлығы 3,8, оның қолданылғаны: 0. Жайылымды жерлер: 9,9; Көпжылдық көшет, ағаш отырылым егістері: 0,1; шабындықтар: 0,2.
Өңдеу, ұқсату
Ауыл шаруашылық өнімді ұқсататын кәсіпорындар көрсеткіштері
Ет өнімдерін ұқсататын кәсіпорындар
01.01.2013 ж. кезеңіне өндірілген өнім көлемі, тн.- 494
01.01.2013 ж. кезеңіне ұқсатылған өнім көлемі, тн- 0
Етті ұқсату үлесі – 0%
«Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай 27% көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын ұқсату үлесін – 3,4% көбейтіп отыру керек.
Сүт өнімдерін ұқсататын кәсіпорындар
01.01.2013 ж. кезеңіне өндірілген өнім көлемі, тн.- 4099
01.01.2013 ж. кезеңіне ұқсатылған өнім көлемі, тн - 102
Сүтті ұқсату үлесі – 2,5%
«Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай 40% қол жеткізу үшін ұқсату үлесін жыл сайын - 4,7% көбейтіп отыру керек.
Жеміс-көкөністік өнімді ұқсату кәсіпорындары
01.01.2013 ж. кезеңіне өндірілген өнім көлемі, тн.- 4160
01.01.2013 ж. кезеңіне ұқсатылған өнім көлемі, тн-75
Жеміс-көкөністік өнімді ұқсату үлесі – 1,8%
«Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай 12% қол жеткізу үшін ұқсату үлесін жыл сайын – 1,3% көбейтіп отыру керек.
Ауданның пайдалы қазбалары
Мыс- Қызылата кен орны, мыс концентратын алу үшін қолданылады
Опока- Қарнақ кен орны, жоғары сапалы цемент қосындысы, сондай-ақ, сұйық әйнек өндірісі үшін де қолданылады.
Экономикалық даму бойынша ұсыныстар
Қажетті азықтық өндірістер:
Етті терең өңдейтін цехтар, жартылай фабрикат
Соғым цехы
Сүт өнімдерінің кең ассортиментін өңдеу бойынша цехтар
Дәнді дақылдардан дайын өнімдер шығару цехы
Консервіленген және мұздатылған өнімдердің жеміс-көкөніс зауыты
Алкогольсіз сусындар мен ауыз су өндірісі
Фермерлік:
Жемшөп дайындайтын база
Ірі қараның етті және сүтті тұқымдарының заманауи фермалары
Құс фермалары
Егін шаруашылығы
Көшетханалық және жылыжайлық қожалықтар
Күріш
Жүзім егісі
Алма бақтары
Таулық дәрілік өсімдіктер
Инженерлі-техникалық қызмет көрсету:
Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу цехтары
Өнеркәсіптік және тұрмыстық құрал-жабдықтарды жөндеу-өндіру цехы
Энергетикалық құрал-жабдықтарды жөндеу-өндіру цехы
Өнеркәсіптік зертханалар
Азық-түліктер зертханасы (сапасы, сақтау, құнарлы азықтар мен жемшөптердің жаңа түрлерін, қалдықсыз азық өндірісін дайындау).
Егін шаруашылығы зертханасы (жаңа дақылдарды жерсіндіру, дәрілік өсімдіктер, топырақты зерттеу, астықты сақтау сапасы және т.б.).
Мал шаруашылығы зертханасы (тұқымды жақсарту, жергілікті жағдайларға беймделген жаңа түрлерді шығару, басқа да пайдалы жануарларды жерсіндіру).
Энергия үнемдеу технологиялары зертханасы (жаңа энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу мен ендіру, оларға қызмет көрсету).
Құрылыстарды салу бойынша ұсыныстар:
Жер суару мен балық шаруашылығын құруға арналған су қоймасы
Өндірісті 15 МВт-қа дейін арттыру үшін 5-ЖЭО-ға қосымша блок салу
Энергетика: Өнеркәсіптік және тұрғын үй объектілеріндегі энергия үнемдегіш технологиялар. Өнеркәсіптің экологияға зиян келтірмей дамуы үшін баламалы энергия көздерінен электростанция, жел электр станциясын, өзендік мини электр станцияларын салу қажет
Жер қойнауы:
Аңсай барит кен орны негізінде ауырлаған құрғақ бұрғы ерітінділерін шығару бойынша жоба перспективасын зерттеу мен жүзеге асыру