Бәйдібек ауданы
Бәйдібек ауданының паспорты
•Құрылған жылы: 1928 жыл
•Ауданы: 7,2 мың ш.ш.
•Облыстық орталыққа дейінгі қашықтық: 110 км.
•Аудан орталығы: Шаян ауылы
•Ауылдық округтердің саны: 11
•Елді мекендер саны: 52
•Халық саны: 55,7 мың адам
Ұлттық құрам: қазақтар - 98,3%, орыстар - 0,1%, басқа ұлт өкілдері - 1,6%
Аудан өнеркәсібі
Бәйдібек ауданында өнеркәсіптік өнім өндірісінің (тауар, қызмет) көлемі 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 1832104 мың теңгені құрады, ал 2012 жылы 1950599 мың теңге болды. 2011 жылмен салыстырғанда 103,8%.
•Өнеркәсіп өнімдері 2012 жылы 3532 млн. тенгеге тең болды.
•Шығарылған өнім көлемі (тауарлар мен қызметтер): 5,2 млрд.теңге
•Негізгі капиталға инвестицияны игеру (бюдж.қаражатынсыз): 3748 млн.теңге
•«Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесіне қатысушылар саны – 1
Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2013 жылғы кіші және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны
•Тіркелген заңды тұлғалар: 329, әрекет етушілері: 164
•Тіркелген шаруа қожалықтары: 1669, әрекет етушілері: 1597
•Тіркелген ШОБ субъектілері: 1998, әрекет етушілері: 1761
Облыстық салық департаменті мәліметтеріне сәйкес салық төлеушілер саны
•2012 жыл бойынша әрекет етуші ШОБ субъектілері: 3085, төленген салық: 144,0 млн. тенге
•2011 жыл бойынша әрекет етуші ШОБ субъектілері: 3050, төленген салық: 116,0 млн. тенге
•Дәстүрлі бағыттар
–Бидай
–Асыл тұқымды жылқы өсіру
–Ұсақ мал өсіру
–Жылқы өсіру
–Майлы дақыл тұқымдарын өндіру
–Сүтті-етті мал шаруашылығы
•Ағымдағы ахуал:
– Аудан негізінен мал шаруашылығымен және (үлкен жайылым жерлері бар) егін шаруашылығымен айналысады. Ауданда 50 мың бас ірі қара, 450 мың бас уақ мал, 13 мың бас жылқы және 364 түйе бар.
–Негізгі проблема – соңғы жылдарғы құрғақшылық ауа райынан жемшөп базасы көлемі азаюда. Егін шаруашылығы бойынша – 32 мың га дәнді дақылдар, 27 мың га жемшөп базасы, 15 мың га майлы дақылдар, 1,2 мың га көкөніс және жеміс-жидектер егілген.
Негізгі проблема – климаттық жағдайлар, олар алынатын өнімге жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы
Егін шаруашылығы
Ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің жалпы ауданы – 586,7, егістік 122,9; суармалы жер, барлығы - 11,4, оның ішінде қолданылғаны: 8,1; Тәлімді барлығы 111,5, оның қолданылғаны: 65,6. Жайылымды жерлер: 379,0; Көпжылдық көшет, ағаш отырылым егістері: 02; шабындықтар: 40,1.
Негізгі егілетін дақылдар туралы ақпарат, мың га
•Егіндіктің жалпы ауданы -73,7
•Күздік бидай-18,4
•Бидай -9
•Мақсыр -20
Ұқсату
Ауыл шаруашылық өнімді ұқсататын кәсіпорындар көрсеткіштері
Ет өнімдерін ұқсататын кәсіпорындар
01.01.2013 ж. кезеңіне өндірілген өнім көлемі, тн.- 4892
01.01.2013 ж. кезеңіне ұқсатылған өнім көлемі, тн- 250
Етті ұқсату үлесі – 5,1%
«Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай 27% көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын ұқсату үлесін - 2,7% көбейтіп отыру керек.
Сүт өнімдерін ұқсататын кәсіпорындар
01.01.2013 ж. кезеңіне өндірілген өнім көлемі, тн.- 27007
01.01.2013 ж. кезеңіне ұқсатылған өнім көлемі, тн - 890
Сүтті ұқсату үлесі – 3,3%
«Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай 40% қол жеткізу үшін ұқсату үлесін жыл сайын - 4,6% көбейтіп отыру керек.
Жеміс-көкөністік өнімді ұқсату кәсіпорындары
01.01.2013 ж. кезеңіне өндірілген өнім көлемі, тн.- 5370
01.01.2013 ж. кезеңіне ұқсатылған өнім көлемі, тн-0
Жеміс-көкөністік өнімді ұқсату үлесі – 0%
«Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай 12% қол жеткізу үшін ұқсату үлесін жыл сайын – 1,5% көбейтіп отыру керек.
Ауданның пайдалы қазбалары
Қаптайтын тастар: 1.Бәйдібек ауданындағы травертин кен орны
2. Ақтас құм тастардың кен орны, Ақтас ауылының маңында, Леонтьевка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км.; 3. Леонтьев мәрмәр кен орны
Минеральдық боялар: Адаман-Бұлақ кен орны.
Халыққа жетіспейтін негізгі азық-түліктер
Күріш (тн) – 476,0
Алма (тн) – 679,3
Картоп (тн) – 2522,6
Құс еті (тн) – 213,0
Жұмыртқа (ондық) – 1007
Нан (тн) – 2395,2
Айына электр энергиясын өндіру мен тұтыну туралы мәліметтер
•Электр энергиясын тұтыну (МВт): 10,0
•Электр энергиясын өндіру: 0 МВт
•Дефицит: -10,0 МВт.
Бәйдібек ауданының экономикалық дамуы бойынша ұсыныстар
Технология:
Ет ұқсататын комбинат, жоғары сапалы тұтынуға дайын ет өнімдері. Бәйбідек ауданында өсірілетін мал еті Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында өңделеді.
Сүт комбинаты, сүт өнімдерінің кең ассортименті
Жем дайындайтын комбинат
Азық-түліктік қоймалар (салқын және мұздатқыш қоймалар)
Агроөнеркәсіптік зертханалар (егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, сақтау мен өңдеу)
Астық элеваторы
Фермерлік:
Ірі қара, ұсақ мал, жылқы, құс фермалары
Жемшөптік дақылдарды дамыту қажет.
Өңір үшін жаңа, пайдалы өсімдіктер, мысалы, жетілдірілген соя, зәйтүн, көшетханалық гүлдер, өсімдіктің дәрілік түрлері және т.б.
Балық шаруашылығы
Техникалық жағы: Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу цехтары, өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды, энергетикалық құрал-жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету цехтары, өнеркәсіптік және тұрмыстық құрал-жабдықтарды жөндеу бойынша әмбебап шеберханалар цехы
Құрылыстарды салу бойынша ұсыныстар:
Жер суару мен балық шаруашылығын дамытуға арналған су қоймасы
Жел электростанциясы
Энергетика:
Өнеркәсіптік және тұрғын үй объектілеріндегі энергия үнемдегіш технологиялар.
Баламалы энергия көздерінен миниэлектростанциялар (кіші жел және күн электр станциялары) салу өзекті.
Жел электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыру
Бәйдібек ауданында (Жүзімдік ауылы маңында) 1 жоба – жалпы қуаты 41,25 МВт 25 турбина
Пайдалы қазбаларды қолдану:
Ауданның шикізат ресурстарын (қаптайтын тастар, мәрмәр, минералды бояу) қолданатын құрылыс материалдары комбинатын салу мүмкін. Қорғасын кеніне барлау жүргізу және ары қарай игеру үшін инвестиция тарту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.