«Экспортер - 2020» бағдарламасы

«Экспорт -2020» экспорттауды дамыту және ілгерілету

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарда үдемелі индустриалдық - инновациялық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 29 қарашасындағы 1625 қаулысымен отандық өнімдерді сыртқы рынокқа экспорттаушылардың шығынын орнын толтыру жолы арқылы шығару бойынша мемлекеттік қолдау жасау жағдайлары мен Ережелері бекітілді. («Экспорт 2020» экспорттауды дамыту және ілгерілету Бағдарламасы) (бұдан әрі – Бағдарлама)

Бағдарлама мақсаты экспортқа бейінделген және экономиканың шикізаттық емес жүйесіндегі жұмыс істеуші экспорттаушы –кәсіпорындардың көлемін ұлғайту және қазақстандық өнімдер экспорты географиясын кеңейту үшін кешенді қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарлама шағын және орташа кәсіпкерлік отандық компанияларды, жұмыс істеуші және өңдеу жүйесінің мүмкіндігі бар экспортшыларын қолдауға арналған.

Бағдарлама мына бағыттар бойынша іске асырылады:

Экспортшылар шығыны орнын толтыру экспортшы кәсіпорындардың сыртқы рынокка отандық өнімдерді шығару кезінде шығыны орнын толтыру жолымен жүргізіледі. Мұндай жағдайда экспортталатын өнім қаржылық орнын толтыру бойынша экспорттық түрлері тізбесіне сәйкес келуі керек.

Экспорттаушы шығындар орнын толтыруға тапсырыс және экспортты, шығындарды айғақтайтын құжаттар беруі керек.

Мәселен, егер экспорттаушы шетелде кеңсені жалдаған үшін шығын орын толтыруға өтініш берсе, онда экспорттаушының шығынын айғақтайтын құжаттар ретінде кеңсені жалдау, төлем қағаздары көрсетілуі қажет. Сонымен бірге сол елге экспорт барын айғақтайтын құжаттар көрсетілуі керек.

Экспорттаушыларды сервистік қолдау - бұл сыртқыэкономикалық қызметте ШОБ – ті дамыту мен қолдауға бағытталған кешенді қызмет көрсету саналады.

Отандық кәсіпорындарды сервистік қолдау аясында мынадай қызметтер көрсетіледі:

Кәсіпорынның шетелдік тұтынушымен өнімді өткізу бойынша төлемді жартылай немесе толық шегере тұруға келісімі болуы керек. Жүкті жөнелткеннен кейін кәсіпорын қызмет көрсетуші банкіге жүк құжаттарын тапсырады. Банк жөнелтілген жүк көлемінде экспорттаушы есебіне «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-несиелік қамсыздандыру корпороциясы» АҚ депозиті есебінен ақшалай қаржы аударады. Сонан соң экспорттаушы мен импорттаушы банкісі арасында несиелік қатынас күшіне енеді. Сөйтіп «ҚавзэкспортГарант» банкінің қатысуымен экспорттық саудалық қаржыландыру механизмін пайдалану арқылы қазақстандық өнімді сатып алушыны несиелендіруді жүргізеді.

Несиелеу мерзімі - 1 жылға дейін.

Несие сомасы – АҚШ 1 миллион долларына дейін.

Қолдаудың көрсетілген механизмі бойынша, қазақстандық өнімдерді сатып алушылар үшін қаржыландыру құнын атаған жөн (яғни импорттаушы) - соңғы сатып алушы үшін несие ставкасы (импорттаушы) АҚШ долларымен жылдық 6 пайыздан 11 пайызға дейін дәлізде құбылмалы болады. Мұндай айырмашылық қамсыздандыру бойынша тарифіне негізделеді. Ол қаржыландыру құнына енеді және тәуекелді елдер бойынша шкаласымен айрылады. Мысалы, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері бойынша қамсыздандыру тарифі жылдық 3 пайыздан артық болуы мүмкін. Экспорттаушы есеп айырысу есебіне кіріс жүк тиелгеннен кейін түсетіндігі ескерілгенде біздің кәсіпорындар үшін бәсекелестік баға саясатын қалыптастыру бойынша қолайлы жағдай жасалады.

Аталған Бағдарламаның үлкен басымдылығы,қазақстандық өнімді Экспорттаушы мен Импорттаушыға өз банкілерінде қызмет көрсетіледі, онда олардың белгілі несиелік тарихы, бағаланған кепілдік және қаржылық жағдайы, сонымен бірге барлық есеп айырысу мен валюталық есептері бойынша айналымы бар. Осыған байланысты ҚазЭкспортГарант банкілермен олардың деңгейі АҚШ долларының жылдық 2 пайызын құрайтын жағдайын қарастырады.

Осы бағдарлама бойынша экспорттаушы кәсіпорынға қолдау көрсетілу үшін  бірінші кезекте «ҚазЭкспортГарант» экспорт-несие қамсыздандыру корпороциясы» АҚ – нан көмек сұрауға болады. Ол сатып алушы несиесін қаржыландыру үшін экспорттаушыға қызмет ететін банкіге депозиттік шарт бекітуге байланысқа шығады. Өазірші таңда Қазкоммерцбанк, БанкТұранӘлем, БанкЦентрКредит және Альянсбанк осы бағдарлама бойынша ҚазЭкспортГарантпен қарым-қатынас орнатуға дайындықтарын білдіріп отыр. ҚазэкспортГарант экспорттаушы кәсіпорындарға қаржылық көмек жасайтындығы жөнінде хат республиканың екінші деңгейдегі барлық банкілеріне жіберілді.

Мынадай жағдайларда көмек көрсетілмеуі мүмкін:

Аккредитив талабына сәйкес келетін жүк тиеу құжаттары берілуден бастап кәсіпорын есеп шотына экспорт кірісі 5 жұмыс күніне дейін түсуі қажет.

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР