Агробизнес - 2020 бағдарламасы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
1.АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру.
2.АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру:
1)өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
2)астық сақтау жөніндегі қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;
3)АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;
4)мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
5)ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
6)қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
7)басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру;
8)білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.
3.АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту:
1)фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
2)ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.
4.АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру:
1)ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
2)АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту;
3)ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
4)АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту;
5)ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
6)АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
7)органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.
Толық ақпаратты ОҚО Кәсіпкерлер палатасы және Кәсіпкерлепге қызмет көрсету орталығында біле алаласыздар.
Call-center: 8 (7252) 995501, 998080
1.Қабылдау күндері:
2.Дс-жм 9.00-18.00
3.Үзіліс 13.00-15.00