Инновациялық гранттар
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - Агенттік) жарғылық капиталда мемлекеттің жүзпайыздық қатысуымен құрылған және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ ізбасары болып табылады.
Агенттік инновациялық даму үрдісінің координациясын қамтамасыз етуде жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатымен құрылған.
Агенттіктің міндеттері 2012 жылындағы 9 қаңтарындағы«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңында жазылынған. Оның ішінде, инновациялық қызметті қолдау саласында:
-Мемлекеттің стратегиялық жоспарлау жүйесі;
-Индустриялық-инновациялық дамытуды қолдауының 14 құралдары;
-Инновациялық гранттардың 4 жаңа түрі;
-Индустриялық-инновациялық саясатын жүзеге асырудағы тиімділігін сарапттау механизмі ұсынылған;
-Инновацияларды қолдаудағы механизмдерін жетілдіру.
Агенттік қызметінің негізгі бағыттары:
-инновациялық үрдістерінің ақпараттық-аналитикалық қолдауы
-коммерциализация жүйесін дамыту
-инновациялық инфрақұрылымның тиімділігін дамыту
-инновациялық қолдауының сервистык құралдарын басқару
-инновациялық жобаларға инвестициялық қолдау
-инновациялық қызметін көпшілікке тарату
Агенттік тарапынан кәсіпкерлік субъектілерін қолдауындағы негізгі құралдары:
-Инновациялық гранттар
-Жобалық қаржыландыру
-Венчурлік қорлар арқылы қаржыландыру
-Технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша жәрдемдесу
-Конструкторлық бюролар арқылы қызмет көрсету
-Халықаралық технологиялар трансферті орталықтары арқылы қызмет көрсету