Бизнес сөздік
Әріпті таңдаңыз
Шек қою
шектеу, белгілі бір нәрсені алып пайдалануға норма қойып қажетті саны мен көлемін қою.
Шоттар корреспонденциясы
операсияларды екі қайтара жазу, бухгалтерлік шоттардағы жүргізу тәсілі, ол операциялардың бір шамада екі шотта жазылуын көрініс табады.
Шығаруға рұқсат етілген акциялар
Өз жарғысын өзгертпестен корпорацияның шығаратын акцияларының ең жоғары саны.
Шығындар
субъектінің өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсалған шығыстары.
Шығыс
ақшалай қаражаттың жылыстауы нысанында немесе активтерінің тозуы істен шығуы немесе меншікті капиталдың азаюына апарып соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы салдарынан есепті кезең бойына экономикалық пайданың азаюы.