Бизнес сөздік
Әріпті таңдаңыз
Пайдалық
(Рентабельность орыс.) фирманың, оның қызметінің пайдалылығы, табыстылығының көрсеткіші
Пайданы салықтандыру
Корпорациялардың алған пайдасы бойынша жұмсалынатын шығындар счеты. Бұл счет корпорацияның пайда және шығындар есептілігінде көрсетіледі. Сондай-ақ пайда жөніндегі бағаланған міндеттемелер деп те аталынады.
Пайлық қор
Коорпоративтік ұйымдарға мүше болып кірушілердің пай жарнасын төлеуінен құралған қор. Пайлық жарна ақшалай және заттай төленіп, коорпоративтік ұйымдардың меншікті мүліктерінің қалыптасу негізін құрайды. Пайлық жарна үлесі коорпоративтік ұйымдар жойылып таратылған (коорпоративтер барлық берешек қарыздарын өтеген) жағдайда үлес қосып, жарна төлегендерге қайтарылады.
Патент
белгілі бір тауарлар өндіру немесе белгілі бір процестерді пайдалану жөнінде бірнеше жылдарға үкіметтің берген құқығы.