Бизнес сөздік
Әріпті таңдаңыз
Байлықтың төмендеуі
кесіп алу, сырып алу, қазып алу нәтижесінде табиғат ресурстарының біртіндеп азаюы жөніндегі шығындарды есепке алып тарату.
Баланстан тыс шот
(баланстан тысқары - өзінің активтерінде және пассивтерінде көрсеткен, яғни субъектіге меншікті құқығына тиеселі емес құндылықтарды есепке алуға пайдаланатын субъектінің жұмыс жоспарының шоттары, бұған жалгерлік құралдар т.б.
Банк жазуы
Клиенттер счетының жағдайын көрсету банктік клиенттерге жіберетін есебі.
банктік дәлелдеу
Банк көшірмесіндегі қалдықпен компанияның ақша қаражаттары счетындағы есепті қалдықты салыстырып дәлелдеу.
Басқарушылық есеп
жоспарлау, бағалау және бақылау, сондай-ақ өз ресурстарының ұтымды пайдаланатын қамтамасыз ету үшін субъект басшысы пайдаланатын қаржы ақпаратын айқындау, өлшеу, жинақтау, талдау, түсіндіру және табыстау процессі
Баға
сатушы Тауар бірлігін сатуға, жұмыстарды орындауға мен қызметтерді көрсетуге келіскен, ал сатып алушы сатып алуға, ақысын төлеуге дайын тұрған ақша мөлшерін көрсететін экономикалық санат.Баға дегеніміз тауардың, жұмыстардың, қызметтерінің ақшалай құны
Бағалау
Ақшалай өлшем бірлігін шаруашылық операцияларына жатқызу процесі.
Бақылау
Ұтымдылық мақсатты орындау барысында компанияның қаржылық және операциялық саясатын басқарудың құқығы.
Бейматериалдық активтер (БМ)
айналымнан тыс активтер тобы, олардың материалдық –заттың мазмұны жоқ, бірақ мынандай белгілері бар. 1. Құны бар 2. Мемлекет таныған құжаттармен қуатталған 3. Табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды. 4. Ұзақ мерзімді кезеңде (1жылдан астам) пайдаланады
Бейтараптық
Нейтральность (neutrality)
Белсенді енжар шоттар
шаруашылық субъектінің барлық активтері есепке алынғанын және активтерінің бар-жоғы, құрамы, орналасуы және қозғалысы көрсетілетін бухгалтерлік есептің шоттары.
Берешек қарыздарды бағалау
Берешектер қарызын жабу уақытына байланысты клиенттер тізімін жасау.
Берешектер қарызының айналысы
Есепті кезең ішінде орташа есеппен берешектер қарызының неше рет айналысқа түсіп, ақшаға айналғандығын өлшеуші коэффициент. Таза сатылған соманы алынатын счеттағы таза соманың орташа жинағына бөлу арқылы есептеледі.
Болашақ кезеңдердің шығындары
фирманың болашақ кезеңдерде өнім өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған ағымдағы шығыстары.
Бухгалтерлік баланс
субъектінің белгілі бір күнге, әдетте есепті кезеңнің бас кезі мен аяқ кезіндегі қаржылық және шаруашылық ахуалын сыпаттайтын көрсеткіштердің жиынтығын білдіретін бухгалтерлік есептеменің негізгі құжаты.