"ҚазАгроҚаржы" АҚ
Компания туралы
"ҚазАгроҚаржы" АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған.
Қоғам «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг құрамына енеді.
Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторының дамуына қолдау жасау.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ миссиясы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолайлы қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық жағынан жаңарту болып табылады.
Қызмет түрлері:
агроөнеркәсіптік кешендегі лизингілік қызмет;
агороөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру және оларға қаржы қызметін және басқа да қызмет көрсету;
агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған республикалық бюджеттік және басқа бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 9 филиалы және 4 өкілдігі бар.
Байланыс ақпарат
Мекен-жайы: Шымкент қ., Байтурсынов көш. (ЖШС "КҚКО" ғимараты) 2 қабат
Телефон: +7(7252)223501, 223506, 223308