«Максимум» аймақтық инвестициялық орталық
«Максимум» АИО ЖШС-сы 2007 жылы құрылған және бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк инвестициялық саясатының бас қатысушысы.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі «Максимум» АИО ЖШС-сының жалғыз қолдаушысы болып табылады.
Құрылған мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысының ортақ инвестициялық белсендiлiгін жоғарылату.
Іске асырылатын қызмет түрлері
- Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерін келесі жолмен қаржыландыру бойынша:
- қаржы лизингі;
- өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталында үлестік қатысу;
- өзінің «Ырыс» микрокредиттік ұйымы» ЖШС-гі еншілес ұйымы арқылы микрокредит беру.
кәсіпкерлдерге инвестицияларды тарту бойынша келесі жолмен ықпал ету:
ОҚО кәсіпкерлеріне консалтингтік қызмет көрсету бойынша:
- қаржы институттарының талаптарына сай бизнес-жоспарларын әзірлеу;
- түрлі қаржы институттарында кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеу;
- лайықты қаржы көзін таңдау;
- банктердің және өзге қаржы институттарының қаржы беру шарттарын түсіндіру;
- қаржы алу үшін қажетті құжаттама жиынтығын дайындау;
- жобаларды іске асыру үшін қажетті жабдықтарды және техниканы іріктеу;
- жобалардың техникалық экономикалық негіздемелердін әзірлеу және талдау;
- жобалардың маркетингтік және техникалық пысықталғандығының сараптамасы;
- маркетингтік зерттеуді өткізу;
- маркетингтік стратегияларын әзірлеу;
- ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметін атқару және бухгалтерлік есеп, салықтық сауаттылығын арттыру бойынша семинарларды ұйымдастыру;
ОҚО кәсіпкерлеріне заң қызметтерін көрсету бойынша:
- кәсіпкерлік бойынша заңнама актілерін түсіндіру;
- заң құжаттарының айналымын құру, жүргізу және түсіндіру;
- әділет органдарына заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі құжаттаманы дайындау және ұсыну;
- сот органдарында мемлекеттік билік органдарында бұзылған мүдделерді қорғау;
- адвокаттік қызметпен байланысты емес өзге де заң қызметтерін көрсету;
Оңтүстік Қазақстан облысына инвестицияларды келесі жолмен тарту:
- заңды тұлғаларға қор биржасына бағалы қағаздарды шығаруға жәрдем беру;
- акцияларды шығаруға мемлекеттік тіркелуіне құжатамма дайындау;
- ірі инвесторларды тарту.
- бухгалтерлік аутсорсингті атқару