«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мүшелері ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қосылу туралы шешімді бірауыздан қабылдады



29 қаңтарда Астанада еліміздің әр түпкірінен 150-ден астам делегаттың қатысуымен «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының съезі өтті.

«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Съезд отырысын ашылуында сөйлеген сөзінде «Съезд отырысында «Атамекен» мүшелері Палата үшін аса маңызды шешім қабылдамақ», - деді.

«Атамекен» Одағы» еліміздің бизнес-қоғамдастығын шоғырландыруда тарихи миссиясын атқара білген беделді ұйым. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндетті мүшелік негізінде құрылуына байланысты «Атамекен» Одағының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қосылуы арқылы «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП тарату туралы мәселені талқыға саламыз», - деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Төралқа Төрағасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымы мен қызметінде «Атамекен» тарапынан жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыратынын атап өтті.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Өңірлік палаталардың негізгі құрамы «Атамекен» Одағының сарапшыларынан құралды. Өңірлік деңгейлерде де жұмыс сабақтастығы сақталған, атап айтқанда «Атамекен» филиалдарының 8 директоры Өңірлік палата дирекцияларын басқаруда. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген бизнес-қауымдастықтардың басым бөлігі «Атамекен» Одағы мүшелері», - деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Одақ қызметі жайлы есеп берді.

Басқарма Төрағасы отандық бизнестің мүдделерін білдіруде жинаған тәжірибелер мен қолжеткізген нәтижелердің сабақтастығын сақтау мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қосылу арқылы делегаттарға «Атамекен» Одағын» тарату туралы шешімді қабылдауды ұсынды. «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Съезінің делегаттары ұсынысты қолдап, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қосылуға бірауыздан дауыс берді.

«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Съезд жұмысын және жалпы «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП қызметін қорытындылай келе, бүгінгі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысы «Атамекен» атымен байланыстырылып отырғанын, сондықтан ҰКП тарапынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атауын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атауына ауыстыру туралы ұсыныс жасалынды. Тимур Құлыбаев Палата және Төралқа мүшелерін елдегі бизнес-қоғамдастықты шоғырландыруда бірлесіп жүргізген жұмысына, «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңын әзірлеу барысында ұсынған сындарлы пікірлері мен ұсыныстары үшін алғыс білдірді.

Мәлімет үшін: «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Мемлекет басшысының бастамасымен бизнес-қоғамдастықты біріктіру мақсатында 2005 жылы құрылған және қызмет ету кезеңінде біріктіруші құрылым ретінде танылды. Қазіргі уақытта «Атамекен» Одағының құрамында 227 мүше бар, оның ішінде жартысынан астам бөлігі республикалық, салалық және өңірлік бизнес-қауымдастықтар.

2013 жылдың шілде айында «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңы қабылданып, қыркүйек айында «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП ҚР Үкіметімен бірлесіп барлық кәсіпкерлік субъектілерінің міндетті мүшелігі негізінде құрылған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тең құрылтайшысы атанды. Қазіргі уақытта Заңға сәйкес, 1 миллион 600 мың кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі болып саналады.

palata.kz

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР