«Ulttyq ónim» көрмесіне шақырамыз



Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді қазақстандық өндірушілердің ірі «Ulttyq ónim» VIII көрмесіне шақырамыз.

16-18 мамыр аралығында Астанадағы ЭКСПО көрме кешенінде «Ulttyq ónim – 2025» көрмесі өтеді.

Үш күн бойы елдің барлық өңірінен келген отандық компаниялар азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары сияқты өнімдерін көрмеге шығарады. Олардың барлығы – «Даму» қорынан қолдау алған өндірушілер.

Іс-шара барысында отандық өнімдерді сатып алумен қатар дәм татып көру конкурсы, ұтыс ойынына, тегін семинарларға қатысып, өз дизайнерлеріміздің сән көрсетіліміне куә болып, концерттік бағдарламаларды тамашалай аласыздар.

Сіздерді 16-18 мамыр күндері Астанадағы ЭКСПО көрме кешенінде күтеміз. Кіру – тегін, тек тіркелу жеткілікті.