САПАНЫҢ КӨШБАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары марапатталды
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жыл сайын ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы мен «Ұлы дала елі» «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» шатырлы брендін пайдалану құқығын беру байқауы өтті.
Іс-шараға мемлекеттік оргнадар, ұлттық компаниялар басшылары, депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорын жетекшілері, байқаулар лауреаттеары қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жылдың айтулы шарасы. Биыл бұл байқауда 101 компания бақ сынап отыр.
Сыйлық мынадай аталымдарда беріледі:
- «Өндірісітік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
- «Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын»;
- «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»
ҚР Президентінің арнайы «Алтын сапа» сыйлығының «Өндірісітік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша лауреттары болып мына компаниялар танылды:
Ірі кәсіпкерлік субъектісі – «РауанНалко» ЖШС, Атырау облысы;
Орта кәсіпкерлік субъектісі – «Каскор-Машзавод» АҚ, Маңғыстау облысы;
Шағын кәсіпкерлік субъектісі – «AVAGRO» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы.
«Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы:
Ірі кәсіпкерлік субъектісі – «Алматинский продукт» ЖШС, Алматы қаласы;
Орта кәсіпкерлік субъектісі – «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС, Алматы облыысы;
Шағын кәсіпкерлік субъектісі – «Planta» ЖШС, Оңтүстік Қазақстан облысы.
«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы:
Ірі кәсіпкерлік субъектісі – «Медикер – өндірісітік медицина» ЖШС, Астана қаласы;
Орта кәсіпкерлік субъектісі – «Дефектоскопия» ҒӨБ ЖШС, Қарағанды облысы;
Шағын кәсіпкерлік субъектісі – «Скулбас» ЖШС, Астана қаласы.
«Алтын сапа» сыйлығы 12 жыл қатарынан байқау негізінде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi. « 2015 жылдан бастап байқауларды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді.
Салтанатты марапаттау барысында Елбасы І Индстриялау күні қарсаңына орай бірқатар индустриялық, инновациялық және инфрақұрылымдық жобалар іске қосады.
"Алтын сапа" сыйлығының арнайы аталымдарын Елбасы өзі табыстайды.