Шымкентте баламасы жоқ кәсіпорын «Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркінде іске қосылды
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ КӘСІПОРЫН «АТАМЕКЕН-ОРДАБАСЫ» ИНДУСТРИАЛДЫ ПАРКІНДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.
«Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркінде ағаштан жәшік шығаратын зауыт іске қосылды. Жеке кәсіпкер Ербол Кубеев жеміс-жидектерге арналған жәшік шығаратын зауытты қолданысқа енгізді. Қажет технологияны Туркия елінен алып келіп, 25 адамды жұмысқа алған. Бұл жәшіктердің қолдан жасалған жәшіктен ерекшелігі- жоғары санатты технологияның көмегімен жылдам жиналады әрі салмағы жеңіл. «Өзге жәшіктердің салмағы 2 кг-ға жуық болса, мұнда шығарылатын жәшіктің салмағы 1кг ға да жетпейді» - деп қосты кәсіпкер.
Жәшік жеңіл екен деп сапасына теріс баға беруге асықпаңыз. Себебі, өнімге жұмсалатын ағаш тыңғылықты таңдап алынады. Өңделіп, кептірілгенде түсін жоғалтпайтын ағаш біздің өңірде болмағаннан соң, шикізат Ресейден алынады. Ашылғанына 1 ай да толмаған кәсіпорын бүгінде күніне 25 000 дана шәшік жасап шығарады. Алдымен бұл өнімнің сауда нарығын зерттеп алған кәсіпкердің бүгінде бірқатар тұтынушылары да бар. Яғни, зауыттан шыққан тауар қоймада сақталып тұрған жоқ, Кәсіпкердің сөзінше, алдымен шығаратын тауарға деген сұранысты біліп алып, одан кейін кәсіп бастаған жөн көрінеді. Ал, өз кәсібін «Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркінде бастау себебін былайша түсіндірді: «Индустриалды парктің мен үшін қолайлы тұстары өте көп. Мені ең алдымен қызықтырғаны 2 ай тегін жұмыс жасауға мүмкіндік беріліп отырғаны. Кәсіпкерлер үшін коммуналды төлемдердің де бағасы төмендетілген. Сондай-ақ, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы тарапынан зауытты ашу алындағы құжаттарды реттестіру барысында заңгерлердің тегін көмегіне жүгіндім. Бұл шынымен де кәсібін мен сияқты енді бастаған азаматтар үшін үлкен көмек болады» - деді Ербол Кубеев.
Е.Кубеевтың жобасын сүйемелдеген бөлім басшысы Олжас Жансеитовтың сөзінше, кәсіпкер алғашында орынды жалға алу үшін оны қала аумағынан іздеген, алайда қымбат баға мен тарифтік қызметтердің жоғары болуы қолға алған ісін жылдам бастауына кедергі болған. Сондықтан, палата мамандары бірден индустриалды аймақта дайын тұрған өндіріс орнын ұсынған.
«Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркінде бүгінде 10 ға жуық кәсіпорын сәтті жұмыс жасап келеді. Оның бірі аяқ-киім шығарса, енді бірі ағаш орындықтар, ойыншық, химиялық тазартқыштар шығарумен айналысады. Барлығы электр қуаты, газ, су және т.б коммуналды қызметтерді жеңілдетілген бағамен алып, алғашқы 2 ай тегін орналасуға мүмкіндік алған. Ал, Кәсіпкерлер палатасы заңгерлік, бухгалтерлік, қаржы көзін тартуға ат салысу, «Атамекен» бизнес мектебінде оқыту, ақпараттық және PR қолдау, жарнамалау, логотип әзірлеу, бизнес-жоспар жасау және басқа да қызмет түрлерін тегін көрсетуге дайын.
PS: Құрметті кәсіпкер, Сіз де өз бизнесіңізді «Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркінде бастауға мүмкіндік бар. Біздің байланыс тел: 8(7252) 39 49 90, call: 8702 323 10 10