ОҚО-да 268 кәсіпкер 1 миллиард теңгеге қол жеткізді
ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мамыр айы көрсеткіші бойынша соммасы 985 935 000 теңгені құрайтын 268 жоба сүйемелдеп, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдеткен. Оның 196 жобасы мал шаруашылығына бағытталған болса, 54 егін шаруашылық саласы және қалған 18 жоба түрлі бағыттарды қамтыған.
Палата көмегіне жүгінген кәсіпорынның бірі Түлкібас ауданында орналасқан «Жер ана» шаруа қожалығы. Қожалық 2006 жылы құрылған. Басты бағыты - арпа, бидай, мақсары, және көкеніс егу. Егістік алқабы 42 гектар жерді алып жатыр. Кәсіпкердің сөзінше, жылына ортақ есеппен 3 млн нан 5 млн ға дейін табыс табуға болады. Ол үшін тек қожалықтағы техника санаты толық болуы қажет. Осы күнге дейін, ескі техника мен жалдамалы жұмысшының қызметін қолданып еңбек еткен кәсіпкер жаңа трактор мен комбайн алу үшін Кәсіпкерлер палатасына келді. 2 жылдан бері төмендетілген пайызбен несие ала алмай келгендігін айтып, өтініш қалдырады. Алғашында кәсіпкердің құжаттары толық жинақталып, несиелендіру шарттары түсіндіріледі. Жоба зерттеліп, қажетті құжаттар «Казагроқаржы» АҚ жолданған. Осылайша, аз уақыттың ішінде кәсіпкер діттеген мақсатына жетіп, төмендетілген пайызбен 10 млн 150 мың теңге несие алады. Бұл тұралы жобаны толық сүйемелдеген Бахытжан Құралбаев: «Егін егу саласында техниканың алар орны ерекше. Кәсіпкер 2 жыл бойы несие ала алмаған. Біз кәсіпкердің сұрауы бойынша жылдам әрі нақты қызмет көрсетуге тырыстық. Нәжитесінде, Шамила Кулыбаева 1,5 ай ішінде 8 пайыздық көрсеткішпен 10 млн 150 мың теңге көлемінде несиеге қол жеткізді» - дейді
Кәсіпкер бүгінге дейін 3 адамды жұмыспен қамтып келген, енді жаңа техниканың саны артуына орай тағы сонша азаматты жұмысқа аламын деп отыр. «Қожалықтағы сскі техниканы жаңасына ауыстыру қажеттілігі біраздан бері болған. Енді егістікте жалдамалы азаматтардың қызметінсіз-ақ егінді өзіміз егіп, оны өзіміз жинай аламыз. Бұл әрі ыңғайлы, әрі қалтаға келтірер шығынды азайтады. Мұнан соң табыс көзіміз екі есеге артады деп үміттеніп отырмыз» - деп қосты кәсіпкер.
Біздің келесі кейіпкер Сайрамдық кәсіпкер Қадырбек Салыбекұлы. Ол 2015 жылы аудандағы Ақсукент ауылындағы бос тұрған ғимаратты жалға алып, 150 орындық балабақша ашады. Бір ғана ауданда 70 мемлекеттік-жеке-меншік балабақша бар екенін ескерсек, мұнда бәсекелестіктің жоғары екені айтпай-ақ түсінікті. Бәсекелестіктің ортасын бұзып шығып, жалға алып отырған ғимаратты сатып алу үшін Қадырбек Салыбекұлы Сайрам аудандық кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Мекеме менеджері «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіре келе, аталмыш бағдарлама аясында төмен пайызбен несие алуға болатынын айтады. Сол мезетте құжаттар жинақталып, аз күн ішінде екінші дәрежелі банктен 8,5 пайыздық көрсеткішпен қаржыландырылды. Кәсіпкер осылайша, жалға алып отрыған ғимаратын толық сатып алып, балабақшаны заманауи етіп жабдықтауға мүмкіндік алды. Кәсіпкердің сөзінше, өзгенің қалтасына ақша төлегеннен, несие алып, қаражатты өз кәсібіңе құйған жөн.
Мұнымен өңірлік кәсіпкерлер палатасы тоқтап қалмайды. Жыл соңына дейін осындай көмекті қажет ететін маңызды жобалардың талайын сүйемелдеуге дайын. Бастысы, «кәсіп ашамын, өркендеймін, өз ісімді жандандырамын» деген кәсіпкер болса болғаны.