АНТЫНА АДАЛ ЖАН



 

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты №4емхананың ұжымыҚарымсақоваМеруертОйдуллақызыменмақтанаалады.

Меруерт Ойдуллақызы алғашқы еңбек жолын 1989 жылы  Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда аймақтық дәрігер-терапевт болып бастаған. 1997 жылдан бері қалалық №4 емханада инфекционист-дәрігер қызметін атқарады.

Тәжірибелі маман әріптестері арасында абыройлы, беделі биік, ал тұрғындардың алғысын арқалап жүрген ақ халатты абзал жан деп нық сеніммен айта аламыз. «COVID-19» дүниежүзілік пандемиясы кезіндегі еңбегі зор құрметке ие болды. Пандемия кезінде талай жанға араша түсіп, өмірлерін сақтап қалу үшін аянбай еңбек еткен антына адал жан. Мыңдаған науқасты емдеп, дертінің шипасына себеп болған дәрігер бүгінде өзінің мол тәжірибесін әріптестерімен бөлісуден жалыққан емес.

мы надеемся на вашу поддержку в соцсетях