Қазақстан іскер әйелдері Анкарада



Анкарада Қазақстан мен Түркияның іскер әйелдер бизнес-форумы өтті

2018 жылғы 15-16 ақпанда  Анкарада Қазақстан мен Түркияның іскер әйелдер бизнес-форумы өтті

         Бизнес-форумға еліміздің іскер әйелдер делегациясын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова  бастап барды.

 

Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 40%-ын іскер әйелдер қалыптастыратынын, олардың отандық бизнес дамуына қосатын үлесі үнемі өсіп отырғанын айтты.

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңес беруші органдардың арасында алғашқы болып өз алаңында Іскер әйелдер кеңесін құрған болатын. Бүгінгі таңда 16 өңірлік кеңес, 170 аудан орталығында филиалдар құрылып, оларды табысты кәсіпкерлер әйелдер басқарып отыр. Осылайша Кеңес Қазақстанның түпкір-түпкірінен табысты, әрі әлеуметтік белсенді қыз-келіншектердің әлеуетін біріктірді. Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің – 47%-ын әйелдер құрайды, заңды тұлғалардың – 26%-ын, шаруа және фермерлік қожалықтардың  – 19%-ын қыз-келіншектер басқарады», – деді Лаззат Рамазанова.

  Лаззат Рамазанова форум қатысушыларына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі бағыттарын таныстырды, осы ретте спикер ҰКП құруда континетельды модель негізге алынғаны жайында, бірінші кезекте Түркияның Сауда, өнеркәсіп палаталары мен тауар биржалары одағының (ТОББ) озық тәжірибесі үлгі болғанын атап өтті.

 Еліміздің тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан-Түркия іскерлік кеңесі жұмыс істейді, 2009 жылы Түркітілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесі құрылса, 2014 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП және Түркияның Сауда, өнеркәсіп палаталары мен тауар биржалары одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды. 2015 жылы Қазақстан-Түркия іскерлік кеңесі Түркия Экономика минситрлігінің Сыртқы экономикалық байланыстар комитеті (DEİK) және Қазақстанның сыртқы палатасы жанынан жаңа форматта қайта жаңғырды. Аталған іскерлік кеңес Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық дамуына үлес қосуда, мұны статистика да айқын дәлелдеп тұр.

Екі ел арасындағы іскерлік байланыстың одан әрі тереңдеуіне былтыр сәуір айында қабылданған Қазақстан-Түркия бірлескен сауда-өнеркәсіптік палатасын құру туралы шешім әсер етті.

"Бүгінгі кездесу екі елдің іскер топтары арасында өзара тиімді келісімдерді нығайтуғамүмкіндік береді"- деді Лаззат Рамазанова

 

 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР