АСҚАР АБУБАКИРОВ: ОҚО - ЕЛІМІЗДІҢ КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ



Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров – бизнестегі жаңалықтар мен шығармашылық идеялар туралы

- Асқар Бегдәулетұлы, біздің өңірдегі бизнестің артықшылықтары туралы айтып беріңізші.

- Оңтүстік Қазақстан облысының артықшылықтары көп. Статистика көрсеткендей, шағын және орта бизнестің ең көп саны біздің облысымызда, содан соң Алматы қаласы екен. Бүгінгі күні ОҚО-да 177 мың кәсіпкерлер жұмыс жасап жатыр. Бізде ең кәсіпқой адамдар өмір сүреді – бұл халық тығыз орналасқан аймақ. Біз, Кәсіпкерлер палатасы ретінде, ОҚО Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік орталығы ретінде орнықтыру үшін көптеген идеологиялық жұмыстар жүргіздік. Астана – бұл астанамыз, Алматы, егер кез-келген бизнесменнен сұрасаңыз, бұл қаржы орталығы. Ал шағын және орта бизнестің шоғырланған кәсіпкерлік орталығы - ОҚО, біз осы тұрғыда өсудеміз.

-    «Атамекеннің» басым бағыттарында қандай жұмыстар жүргізілуде?

-Біріншіден, бұл құқық қорғау бөлімі: қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту. Бізде Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес белсенді жұмыс істейді. Біз жүйелі мәселелерді қарастырамыз. Кеңес қорытындысы бойынша шаралар қабылданады: кем дегенде лауазымды адам қатаң сөгіс алады.Әкімшілік кедергілерді азайту- бұл жүйелік жұмыс, біз Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұсыныстар жасаймыз. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстары кезінде Палата кәсіпкердің ақшасын үнемдеген мысалдар да бар. Осылайша, кәсіпкер үнемделген қаражатты айыппұлға емес, өзінің компаниясына, халықтың жалақысына жұмсады. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жалпы 1471 өтінім келіп түскен, оның ішінде 2017 жылы келіп түскен 514 өтініш қаралды. Кәсіпкерлердің қорғалған меншік құқықтарының жалпы саны 12,4 млрд теңгені құрайды (айыппұлдар  жойылды, контрагенттердің шарттық міндеттемелері орындалды, мүлік қайтарылды). 2017 жылы 4 млрд теңгеден астам кәсіпкерлер мүліктері қорғалды.Мәселен, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша «Ордабасы Құс» ЖШС 580 млн тг қорғалып, тәркілеу туралы сот шешімінің күшін жойып және қылмыстық сот ісін тоқтатуды жүзеге асырды. «Мельдеева», «Шопанов Г.Б» жеке кәсіпкерліктері және тағы басқа кәсіпорындарда сот шешімінің күші жойылып, жалпы сомасы 990 млн теңге қорғалды.Егер сіз басқа жаққа ақша таратпай, ол ақшаны өзіңізге, яғни, бизнесіңізге жұмсасаңыз, онда бизнес өсіп, дамиды.

- Әкімшілік кедергілерді азайту туралы нақты мысалдар бар ма?- Бізде Оңтүстік Қазақстан облысында үш жыл бұрын құрылған энергия қуаттарының электронды картасы жұмыс жасайды. Жыл сайын бірыңғай терезе қағидаты бойынша шамамен 100 компанияға техникалық шарт алуына ықпал жасаймыз. Мұнда, әрбір адам онлайн тәртібінде өз  кәсіпкерлігін қуаттандыруға қажетті мәліметтерді көре алады. Сондай-ақ  біз тұрақты түрде, бизнесті тексерудің талдауын үнемі жасап отырамыз. 2017 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда тексеру нәтижелеріне талдау жасау барысы көрсеткендей, құқық бұзушылықтың азайғаны байқалады. Бізде қазір, экономикалық бөлімде  көп жұмыс атқарып жатқанын атап өткім келеді.

-Облыстың өнімдері қаншалықты экспортталады?

-Қазір біз Өзбекстанмен белсенді жұмыс жасаудамыз. Өзбекстанға экспортталатын өнімдер  шамамен 20%-ды құрайды. Біз онда 58 млн долларға тауар экспорттаймыз, 46-47 млн долларға  ​​импорттаймыз. Ұн өнімдеріне акциздік салықты төмендету туралы мәселені көтергеннен кейін (алдын 12, одан кейін 5), ұнды экспорттауды ұлғайттық. Бұдан басқа, көптеген компаниялар өз өнімдерін экспорттағысы келгенін көріп отырмыз, бірақ оларға айналымдағы капитал мен кепіл қажет.

          «Қазақэкспорт» ұлттық компаниясы бар, бірақ біздің облысымызда ешкім дерлік оның құралдарын пайдаланбайды, яғни,бұл компания: бизнесті өз келісім шартында сақтандырады, бұл сақтандыру кепіл ретінде банкке барады, ал ол сақтандыру есебінен айналым қаражатын алады. Осы айналым қаражатының арқасында кәсіпкер тауарларды экспортқа жібереді. Бүгінгі күні, біз, «Қазақэкспорт» компаниясымен бірлесіп, осы бағытта жұмыс істеуді бастағалы бері алты кәсіпорын қызметтерді пайдаланды. Жылдың соңында бес компанияны қосу қажет деген жоспарымыз жүзеге асырылды. Мақсатымыз: жыл сайын осы мүмкіндіктерді 20-30 компанияларға таныстырып, мүмкіндікті пайдалану.

-Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне ыңғайлы болу үшін Палата қандай бастамалар жасайды?

-Біз «Yellow Pages» әлемдік тәжірибесіне негізделген жақсы деректер базасын жасадық. ОҚО-да қандай кәсіпорындардың бар екенін білгісі келетін кез-келген адам «Оңтүстік өнімдері» деп аталған каталогқа кіріп көре алады. Біз каталогты 2015 жылдан бастап шығара бастадық, алғашында  250 өндіруші, өткен жылы 500, ағымдағы жылы біз 1000 тауар өндіруші туралы ақпарат жинауды жоспарлап отырмыз. Енді міндет - нақты өндірушілердің кім екенін, ал алып сатарлардың кім екенін анықтау.

-Бұл каталогтың қандай артықшылығы бар?

-Каталогтың ерекшелігі мұнда экономикалық қызметтің жалпы жіктеушісі және сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тауар кодтары бар. Келісім шарттар жасасу кезінде көптеген компаниялар несие алғысы келсе, экономикалық қызмет кодын сұратады. Екіншіден, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы экспортқа сыртқы келісімшарттар жасасу кезінде сұралады. Бұл мәліметтердің барлығы каталогта болады, жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп жаңартылып отырады. Біз сондай-ақ анықтама желісін жасайтын кәсіпкерлермен қосылып онда өзіміздің деректор қорын мобильдік қосымшаны енгіздік.Мобильдік қосымшада шамамен 30 мың жазылушысы бар. Біз мектептерге барып, бізде қандай кәсіпорындар бар екенін каталогтан көрсетеміз. Бүгінгі күні өз өңірінде қандай тауарөндірушілер бар екенін көп адам біле бермейді. Бізге идеология қажет: отандық өндірушілерді білсеңіз және сатып алсаңыз, онда бұл жақсы. Біз бұл туралы айтқан болатынбыз. Біз осы заттардың бәрін жасау арқылы «өз  кәсіпорындарды білу» сәнін жасаймыз.

-Облыста кәсіпкерлерді оқыту үдерісі қалай жүріп жатыр?

-Бізде «Атамекен бизнес мектебі» бар, біз үш кезеңде сабақ береміз: кәсіпкерліктің негіздері, жобалық оқыту және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен жұмыс. «Бизнес-мектеп» шеңберінде апталық салалық семинарлар тәжірибесі жасалды. Кәсіпкерлер сұраныстар жібереді, біз мамандарды жинап,  жылыжай шаруашылығы, бухгалтерлік есеп немесе  мемлекетік сатып алу бойынша салалық семинар өткіземіз. Кесте әлеуметтік желілерде және «Атамекен» сайтында орналастырылған. Бұрын, егер 10-12 адам келсе, қазір 30-ға жуық адамдар қатысуда. Сұраныс бар.

-Кәсіпкерлер палатасының өңірдің жастарымен қандай жұмыстар жүргізеді?

-Бізде әлеуметтік сұрақтар блогы бар, 3 кәсіпорынның базасында оқу орталықтарын құрдық - бұл мамандарды қысқа мерзімді оқыту. Бизнес: «бізге мамандар қажет» дейді. Біз тоқыма өнеркәсібімен айналысатын 2-3 компанияны - «Азала Текстиль» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасын көріп, олардың базасында оқу орталықтарын құрдық. Мемлекет қаражат бөліп, қаржыландыруға қол жеткіздік. 50-80 адам қазірдің өзінде кәсіпорындар негізінде дайындалып жатыр. Біз «Амангелді» және «Мадлен» ЖШС базасында тағы екі оқу орталығын құруды жоспарлап отырмыз.  Колледждермен келісіп, үш жақты келісімдер жасастық. ОҚО-да  29 жасқа дейін шамамен 900 мың адам тұрады. Бұл қолданатын үлкен мүмкіндік. Оларға кәсіптік бағдар беріп, оларды бизнеспен таныстырамыз.  Талантты мамандардың біздің кәсіпорындарымызда қалып, басқа қалалар мен елдерге кетпеуін қалаймыз.

-Кәсіпкерлер палатасының 2018 жылға жоспарлары қандай?

-«Атамекен» орталық аппаратымен бірлесіп, аудандар бойынша терең талдау және скрининг жүргізу бойынша ауқымды міндет күтіп тұр. Қайта жүктеу үшін үлкен бағдарлама қажет. Аудан деңгейіндегі қаржыландырудың 90% негізінен мал шаруашылығына арналды. Басқа кәсіпорын түрлеріне аз көңіл бөлінеді. Бір бағытта ғана кетпей, адамдар қалаған нәрсені жасай алу үшін біршама ерекшелену керек: наубайхана, тігін шеберханасы ашу қажет.Жаңа кәсіпорындар қажет. Біздің барлық ақпараттарымыз әлеуметтік желілерде қол жетімді, мен өзім кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беремін, біз «тікелей эфир» жүргіземіз. Шымкентте Интернет-теледидар жасауды жоспарлап отырмыз. Қазір интернетте отыратын барлық жастар республикалық арналарды қарамайды.  Жаңа шығармашылық форматта IT-да және басқа да салаларда не істей алатынымызды көрсеткіміз келеді.  Облыс үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша көмекші құрал әзірледік. Мұнда қарапайым және түсінікті тілмен: қандай бағдарлама, қанша ақша, пайыздық мөлшерлеме, қанша уақытқа дейін барлығы жазылған. Қаржылай қолдау қоры 5 бағдарламаға, аграрлық несиелендіру 6 бағдарламаға ие, бірақ олар туралы ешкім білмейді. Көмекші құралда «Индустриялық аймақ», «Қазақэкспорт» туралы  мәліметтер анық көрсетілген. Енді біз топ құрып, ауылдар мен аудандарға барып, адамдарды хабардар етіп оқытуды жоспарлап отырмыз. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

  

 
 

 

 
 

 

 
 
 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР