Шымкенттік кәсіпкер әйелдер "Аналар үйіндегі" аналар мен балаларға тосын сый жасады



 

 

 

Аналар үйіндегі балалар мен аналарға ерекше тосын сый жасаған жаны жомарт кәсіпкер әйелдер,  көңілі жарым балаларға мерекелік шаралар ұйымдастырып, қуанышқа кенелтті. . Бір қап тәттісін ұстаған Аяз ата барлық аналарды және балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. 

 24 жасар Диана Дүйсенова басына түскен қиындықтарға байланысты қазір «Аналар үйі» қамқорлығында. Жаңа жылдан бастап, өткенді ұмытып,  жаңа өмір бастауға бел буған ол, орталыққа келуге қандай себеп болғанын айтқысы келмеді. Диана мұнда өзін бақытты сезінетінін айтып, мекемеде ана мен бала үшін толығымен жағдай жасалғанын жеткізді. 

Ал, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері Диананың ұлына «тұсау кесер» рәсімін өткізді. Сондай-ақ олар мекемедегі әрбір анаға нәрестеге қажетті барлық заттарды сыйлық ретінде үлестірді.

"Аналар үйінде" бізге қамқорлық жасап, қиын сәттерде кеңестер беріп, жан жақты қолдап отырады. Жобаның үйлестірушілері бізге  жақын туыстарымыздай  қарайды. Бүгін біз, қасымдағы қыздармен бірге  қонақтарға ас дайындап, Аяз Атаның бізге сыйлықтарымен қоса келетінін күткен жоқпыз », - дейді Аналар үйінің тұрғыны Диана Дүйсенова.

Ал, төсек жабдықтарын шығаратын компания директоры, кәсіпкер Гаухар Насырова аналарға тауарын табыстап, оларға ақысыз тігін курсынан өту мүмкіндігін ұсынды. Тіпті, алдағы уақытта оларды жұмысқа қабылдауға да дайын екенін жеткізді.

«Мен қыздарға қазір үміттерін үзбей, мойымай, өздері армандаған тұрақты жұмыс табуды тіледім», - дейді компанияның директоры Гаухар Насырова.

 

 

 

 

 Аналар үйі біздің қалада  төрт жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ораталықта қазір 11 жанұя тұрады. Мұнда өмірде қиын жағдайға тап болған  балалы аналарға уақытша пана болып,  көмек көрсетілуде.

 

 

 

 

 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР