Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлеріне ҮНДЕУ



ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен оның аумақтық басқармалары ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21 бабының 9 тармағы негізінде, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін мониторингілеу мақсатында,  2015 жылдың  наурыз айынан бастап, тағам өнімдерінің сынамаларын алып, санитарлық-эпидемиологиялық  сараптама жүргізілуде. 

Осылайша, наурыз-сәуір айларында сауда орындарынан тағам өнімдерінің 133 сынамалары алынып, оның 41-і техникалық регламенттер талаптарына сай еместігі анықталды, бұл 30,8 пайызды құрады. Барлық сай келмейтін  өнімдерді сатылымға  жібермеу туралы 9 сауда үйіне ұсыныстар берілді. Ұсыныстардың орындалуын бақылау кезінде сауда орындарында тек сол ұсыныста көрсетілген өнімдер ғана сатылымнан алынып тасталғаны анықталған, қалған таңбалау (маркировка) бойынша техникалық регламенттер  талаптарына сай емес өнімдер сауда сөрелерінде    сатылымда қалған. 

Осы  себептен, 2015 жылдың 28 мамырынан бастап ет, сүт және кондитер өнімдерінен санитарлық-эпидемиологиялық зерттеуге қайталап сынамалар алынып, зертханалық тексерулер  жүргізілуде. Көптеген сауда орындары бұған дейінгі алынған сынамаларда таңбалау бойынша (мемлекеттік тілде этикетканың, «ЕАС» белгісінің болмауы т.б.) анықталған кемшіліктерге көңіл бөлместен, талапқа сай емес азық-түлікті сатылымға жіберуде. 

 

Құрметті  Кәсіпкерлер!

Кедендік Одақтың құрылуына байланысты қабылданған  022/2011 «Таңбалау бойынша техникалық регламентінің» талаптарына  сәйкес, шеттен әкелінген немесе Қазақстанда өндірілген барлық өнімдердің этикеткасында  «ЕАС» («Еуразиялық сәйкестік» - «Евразийское соответствие») белгісі қойылуы тиіс. Бұл белгі - тағам өнімінің қауіпсіз екендігіне кепілдеме беретін белгі. Сонымен қатар, Заңнамаға сәйкес, өнімдердің этикеткасы Кеден Одағына ортақ тіл - орыс тілінде және   өзіміздің ана тіліміз - мемлекеттік қазақ тілінде болуы міндетті!  Осындай талаптар орындалмаған жағдайда өзіңіздің сауда орнына тағам өнімдерін қабылдамауға тиістісіз!

Ас – адамның арқауы екендігін ескере келсек, Оңтүстік Қазақстан  облысы  халқының  салауаттылығына, біздің жеткіншек балаларымыз –болашағымыздың денсаулығына Сіздердің  қосатын үлестеріңіз мол екендігін ұмытпағандарыңыз  абзал.

 Барлығыңызды облыс халқын қауіпсіз тағам өнімдерімен қамтамасыз етуге атсалысуға шақырамыз!

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР