Жаңа Экономикалық Саясат – бұл бизнеске қолдау – Жеңісбек Дулатов



- Кәсіпкерліктің мүддесін танытушы ұйым ретінде біздер үшін Президентіміз жариялаған «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – бұл бірінші кезекте бизнес субъектілеріне үлкен қолдау, - деп санайды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов. Оның ойынша, отандық кәсіпкерлік еліміздің Жаңа Экономикалық бағытының сөзсіз қозғалтқыш күшіне айналады, ал бұл аса зор көлем, мысалы, ОҚО-да ғана шағын бизнес өкілдерінің өзі 127 мыңды құрайды. 

- «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» бағдарламасын жүзеге асыру ең алдымен кәсіпкерлердің өздерінен оң көрініс береді. Индустриялық аймақтар, жолдар, коммуникациялар, әуежайлар және көптеген басқа инфрақұрылым нысандарына назар аудара отырып, мемлекет кәсіпкерлерді мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етеді. Осылайша, барлық экономиканы ынталандырады. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекеттік тапсырыспен қамсыздандырылып отырған мезетте кәсіпкерде тұрақты табыс болады, бұл аз дегенде 2-3 жыл. Сәйкесінше, құрылыс саласының қауырт дамуы күтіліп отыр. Ол көшбасшы ретінде басқа да салаларды ынталандыратын болады, деп есептейді Жеңісбек Дулатов. ОҚО Кәсіпкерлер палатасы басшысының айтуынша, жолдар құрылысы 200 мың жаңа жұмыс орнының құрылуына мүмкіндік беріп қана қоймай, Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарының табыспен қалыптасуына септеседі, өңіраралық бизнес-әріптестік қолжетімдірек болады. Осының барлығы бизнестің көптеген проблемаларының өзектілігін жояды, деп нақтылады ол.

- Жаңа Жолдау әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер тұрғысынан алғанда өз уақытында жарияланып отыр. Бұл Ресейге, қаңтардан бастап жұмыс жасайтын Еуразиялық одаққа қатысты болып отыр. – Дағдарыстың орын алатыны бәріне де белгілі және одан жеңіл өту үшін, үкіметіміз ерте қимылдап отыр. Ақша экономикаға құйылғанда бизнестің белсене бастайтыны түсінікті, - деп одан әрі түсіндіріп кетті Жеңісбек Дулатов. – Егер, мысалға, сіздің дүкеніңіз бар және сізге қосымша ақша беріп жатса, сіз екінші дүкенді тұрғызасыз, себебі сізде оған қаражат бар болып отыр. Ал егер қаражат болмаса, онда сәйкесінше сіз дамымайсыз. Бүгінде мемлекет қазыналық және монетарлық саясатты қолданады, яғни экономикаға ақша құюды жалғастырған сияқты, шығарылуға тиіс өнім түріндегі шынайы тапсырыстармен ынталандырады. – Биылғы жылы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жеңілдікпен кредиттеу бизнес субъектілерінде сұраныстың көптігін көрсетті. Бизнесмендерді қолдау үшін Ұлттық қор қайтадан «ашылатын» болды. Биылғы жылы шағын және орта бизнесті қолдауға қордан бөлінген 100 млрд. теңге табыспен игерілді және бұл мемлекеттің айтарлықтай елеулі қолдауы. Келесі жылы бұл сома бес есе ұлғаяды.

ӨКП директоры сөзінің соңында қазақстандықтарды отандық өнімді тұтынуға, осылайша өз өндірушілерімізді қолдауға шақырды.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР