БИЗНЕСКЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРІП ОТЫРҒАН ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ АТЫ АТАЛАДЫ



Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің дамуына кедергі келтіріп жүген шенеуніктердің фамилиясын жариялауға дайын, – деп мәлімдеді ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

«Біз 1 қазанға дейін күте тұрамыз да, осыдан кейін қоғамдастыққа, баспасөзге, президент әкімшілігіне кедергі келтіріп отырған әкімдіктерді атап көрсететін боламыз» деді ол Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында сөйлеген сөзінде.

Абылай Мырзахметов ҰКП дайындаған бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларының «жол картасы» үкіметтің қаулысымен бекітілгенін атап өтті. «Онда былай делінген – жергілікті атқарушы органдардың консультативтік-кеңесу органдарында бизнеске қатысты мәселелер бойынша ҰКП жүйесі өкілдерінің 50% дейінгі қатысуын қамтамасыз ету», — деп баса айтты Палата басшысы.

Бұл, оның айтуынша, бизнес пен өңірлік биліктің қатынасындағы ашықтыққа жеткізеді. Алайда үкіметтің хаттамалық шешіміне қарамастан, әзірше ҰКП-мен сәйкес келісімге бірде-бір әкімдік қол қойған жоқ.

Палата Басқармасының Төрағасы сонымен қатар бизнесті қорғау желісі бойынша кәсіпкерлерден 3 мыңнан астам өтініш келіп түскені жайлы ақпарат берді. 1 мыңнан астамы орталық аппаратқа келген, оның ішіндегі 600 өтініш жағымды жаққа шешілді. «Бұл жақсы көрсеткіш. Қалған өтініштер айналымда жүр. Бізге келіп түскен өтініштің ешқайсысы да назардан тыс қалмайды» деді ол.

Кәсіпкерлер өтініштерінің өсу динамикасы жағынан көш басында тұрған – МСҚБ. «Экологиялық инспекция да белсеніп кетті. Үшінші орында – көлік бақылау жүйесі. Бұның шектен шығып бара жатқаны сезіледі», — деді Абылай Мырзахметов.

Отырыс жұмысына қатысқан Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес басшысы Ғани Қасымов былай деп атап өтті: «Ұлттық палатаның ұстанымы – шенеуніктердің шектен шығуын қысқартатын кез келді. Жер-жерлерде кәсіпкерлерге қатысты заңдылықты сақтаумен арадағы жағдайды түбегейлі жақсарту қажет. Прокуратура органдарымен, басқа да құқық қорғау орандарымен жаңаша қарым-қатынас орнату қажет».

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР