Бастау: Төлебилік шебер ат әбзелдерін жасаумен айналысып жатыр



Төлеби ауданы, Леңгір қаласының тұрғыны Мұрат Асанов елге қажетті кәсіппен айналысып, жұртшылықтың алғысына бөленіп отыр. Ол ат әбзелдерін жасап, теріден қайыс тіліп, қамшы, жүген, ноқта өруді кәсіп етуде.
Мұрат өткен жылғы «Бастау Бизнес» жобасының түлегі. Жоба аясында білімін арттырып, кәсіпкерлер палатасы мамандарының сүйемелдеуімен қайтамысыз грантқа қол жеткізді. Алынған қаражатқа тігін машинасын, жұмысқа қажетті заттар алған.
Ұлттық құндылықтарды дамытуға кәсібі арқылы үлес қосып, табысқа кенеліп отырған кәсіпкер жаңа жұмыс орнын ашуды мақсат етеді. Әрине, ол үшін ауылдағы жастарға осы кәсіпті үйретуге, ат әбзелін тігуді үйретуге әзір екенін де айтады.
«Ат әбзелдерін жасау, үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ер тоқымға қажетті қаптал, тебінгі, үзеңгі, белтартпа, жүген жасаймын. Барлығын талапқа сай етіп дайындаймын. Сондықтан болар, тапсырыс берушілер көп. Сондай-ақ, дайын өнімді базарға сатылымға шығарамын», - дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы өз нәтижесін беруде. Төлеби ауданында да "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлікті қолға алуды мақсат тұтқандар саны артып келеді.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры кәсіпкердің бұл бастамасына сәттілік тіледі.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР