Түркістан: "Бастау" түлектерінің 69 жобасы МҚҰ арқылы қаржыландырылды



"Атамекен-Түркістан" микоқаржы ұйымы бастаулықтардың жобаларын қаржыландыруды жалғастыруда. Бүгінгі таңда өңірдің 70 ке жуық тұрғыны өз ісін дамытуға капитал алды. Оларға жалпы сомасы 600 млн теңгеге жуық жылдық 6% - бен жеңілдетілген несие берілді.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбековтың айтуынш, өткен жылдың наурызынан жұмысын бастаған "Атамекен Түркістан" микроқаржы ұйымына 300-ге жуық өтінім түскен.
Оның ішінде 204 жоба қабылданып, 1 млрд теңгеге жуық сомада 130 жоба мақұлданған. Жалпы құны 589 млн теңгеге құрайтын 69 жоба қаржыландырылды.

Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі айналым қаражатын толықтыру (саудаға), техника мен жабдықтар сатып алу, сонымен қатар мал шаруашылығы саласында.

Айта кету керек, "Бастау Бизнес" түлектері қай жылы оқығанына қарамастан микроқаржы ұйымынан жеңілдетілген несие ала алады. Несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі.

Еске салайық, несиені кез келген салада бизнесті дамыту үшін алуға болады. Тек микроқаржы ұйымы несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеу, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға бермейді.

Ауылдық жерде тұратын азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына арқылы өтінім бере алады.

Түркістан облысындағы «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы Түркістан қаласы Қожанов көшесі, 42 «Атамекен» ғимаратының 2 қабатында орналасқан.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР