Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының III Форумы өтті



Форумға екі елден 200-ге жуық кәсіпкерлер қатысты
Бизнес-форум барысында Түркстан облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруымен екі ел кәсіпкерлері B2B форматында келіссөздер жүргізіліп, бірқатар салаларда іскерлік ынтымақтастықты дамыту үшін екіжақты құжаттарға қол қойылды.
Екі ел арасында ынтымақтастықты арттыру мақсатында Қазақстан және Өзбекістанның ірі кәсіпорындары арасында машина жасау, АӨК, құрылыс материалдарын, электр техникалық өнімдерін, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру, инфрақұрылымды дамыту және басқа салаларда жалпы сомасы $611,3 млн құрайтын 54 инвестициялық және коммерциялық келісімшартқа қол қойылды.
Ал форумның екінші күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, су-энергетика салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, туризмдегі және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70%-ға жуығы тиесілі. 2021 жылдың 9 айында екіжақты тауар айналымы $2,9 млрд асты, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 28,5%-ға жоғары. Осы жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне кіруі мүмкін. Өзара сауда көлемін 2022 жылы $5 млрд дейін және 5 жыл ішінде $10 млрд дейін жеткізу міндеті қойылды. Екі елдің шекарасында «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бизнес өкілдері форум ұйымдастырушыларына, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбековке алғыстарын айтып, тиімді және жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР