Кентаулық кәсіпкер мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алынған жерінің өтемақысын ала алмай жүр



Ағымдағы жылдың ақпан айында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына кентаулық ЖК «Өтегенов» басшылығы арызданған болатын. Кәсіпкер жер телімін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі жергілікті атқарушы органдардың құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне наразы.

Мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

2021 жылдың 12 ақпанында Кентау қаласы әкімдігі Шаға ауылында орналасқан құқықтары тіркелген кәсіпкерлік мақсаттағы жалпы алаңы 5,4 га жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу бойынша қаулы шығарған.

Бұл жер учаскесінің 2,4 га жері ЖК Өтегеновке тиесілі. Кәсіпкер «Bazis Construction» ЖШС-гі құрылыс компаниясымен ресми келісім-шарт түзіп, Түркістан қаласының құрылысына қажетті тауарларды (бетон) шығаратын өндірістік база ашқан.

Алайда, әкімдік өкілдері жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны мемлекеттік тіркеуден өткізбей, кәсіпкерлерге толық табастамай, жер телімдері мемлекет қарамағына толығымен өтпегеніне қарамастан кәсіпкерлердің жер учаскелері қоршалған қоршауларын меншік иесінің келісімінсіз мәжбүрлі түрде бұзған.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Кәрімбаевтың айтуынша, Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бұл рәсімінің жариялылығы сақталған кезде жүргізіледі. Ал жариялылықтың болмауы мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

Палата кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және лауазымды тұлғалар тарапынан бұзушылықтарды анықтау мақсатында Кентау қаласы прокуратурасына ұсыныстар жолдаған. Әкімдіктің жерді бағалауына бастапқыда кәсіпкерлер келіспеген. Кейіннен қайта бағалау жүргізіліп, кәсіпкерлер арасында келісім-шарт түзген. Ал ЖК Өтегеновке қатысты мәселе ушығып, әкімдік кәсіпкерге қатысты төлеу процедурасын негізсіз тоқтатып қойған.

Бүгінде кәсіпкердің өндірістік база болған жері мемлекет меншігіне өтпесе де еркінен тыс мемлекет қаржысына толыққанды игерілген. Бұл мәселеде 9 айға жуық мерзім өтсе де облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдар, не прокуруратура жергілікті атқарушы органның құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне «тосқауыл» қоя алмай отыр. Салдарынан кәсіпкер «Bazis Construction» ЖШС-мен арада түзілген үш жылдық келісім-шартты еріксіз бұзуға мәжбүр болып, кәсіпкерлік пайдадан айырылып отыр.

«Жер қатынастары басқармасы осы жылдың желтоқсанның 10-на дейін республикалық бюджеттен бөлінген ақша игерілмесе кері қайтарылатыны және қайтадан ашқа бөлу мәселесі келесі жылға қалатынын айтты. Сонда, мемлекеттік қызметшілердің әрекеті салдарынан өзіме заңмен тиесілі өтемақымды да ала-алмаймын ба? Болмаса жеке меншік жерімді кері қайтарыңдар?» - деп ашынды кәсіпкер – меншік иесі М.Егизбаев.

«Жер учаскесінде жұмыс жасап жатқан басқа да кәсіпкерлердің жерін алуда мәселе туындамай, өтемақылары уақытылы төленген. Барлығы бірдей көршілес учаскелерде жұмыс жасаған. Неліктен дәл осы кәсіпкерді бөліп жарып отырсыздар?»,- деді Кеңес мүшелері.

Кеңес барысында жергілікті атқарушы және уәкілетті билік өкілдері түрлі сылтауларды айтып, қойылған сұрақтарға нанымды, толыққанды жауап бере алмады.

Қорытындылай келе, Кеңес мүшелері мәселенің күрделілігі мен оның жуық арада шешілуі қажеттілігін ескеріп, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік қызмет істері және уәкілетті органдарға, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мәселеге орталық деңгейде әрекет ету және мемлекеттік лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін шұғыл шаралар көру жөнінде хаттамалық шешім (ұсыныс) қабылдады.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков аталған мәселе шешілгенше палата назарында ұстайтынын жеткізді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР