«Ел үшін егілемін»: коронавирусқа қарсы штаб өкілдері түркістандық кәсіпкерлермен кездесті



Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күрес бойынша құрылған «Ел үшін егілемін» Азаматтық штаб өкілдері облыстың кәсіпкерлерімен кездесті.
 
Шараға ҚР Премьер-министрі орынбасарының баспасөз хатшысы-санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов және облыстық кәсіпкерлер палатасы және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.
 
«Біздің штаб құрудағы басты мақсатымыз өңірлерге вакцинаның пайдасын айтып, әлі күнге дейін сенімсіздік танытатын адамдардың бойында сенімділік ояту болып табылады. Вакцинация – пандемияны тоқтатудың және қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы», - деген штаб өкілдері ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцина алудың маңыздылығын айтып өтті.
 
Айтуларынша, жүргізілген сауалнамадан шыққан маңызды нәтиже – COVID-19-ға қарсы вакцина қауіпсіз. Тек 2 пайыз респондент вакцинаның денсаулыққа ұзақ жанама әсері барын атап өткен (3 күннен аспайтын уақыт).
Бүгінде Түркістан облысында вакцинациямен қамту 91% құраған. Бір ай ішінде республикада сырқаттанушылық 33% - ға төмендесе, сол кезеңде облыста сырқаттанушылық 22% - ға өскен. Өткен аптада сырқаттану қарқыны бойынша Түркістан облысы 14 облыстың ішінде 2-ші орында болған.
Халыққа вакцинациялау қажеттілігі туралы шынайы әрі түсінікті ақпарат алуға көмектесуге дайын белсенділер кәсіпкерлердің сауалдарына да жауап берді. Қойылған сұрақтардың дені балаларға салынатын екпе турасында болды.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР