Түркістандық жекеменшік балабақша иелері Үкіметтен көмек сұрайды



Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшалар аянышты жағдайда тұр. Облыста жекеменшік балабақшалардағы жан басына қаржыландыру мәселесі республика бойынша ең төменгі мөлшерде. Бекітілген бірыңғай әдістеме бойынша есептерге сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі Түркістан облысында 2021 жылы қала үшін 37 537 теңгені, ал ауылдық жерлер үшін 41 053 теңгені құрауы тиіс еді. Алайда, осы уақытқа дейін облыста бір балаға айына бұрынғыдай 25 582 теңге бөлінуде. Соның өзі жылдың соңына дейін жетпей қалу қаупі бар.
Бұл мәселе өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте талқыланды. Брифингке Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Куленова, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков, Түркістан облысы бойынша үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Дильдар Хабибова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова қатысты.
«Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда 1417 балабақша болса, оның 267-сі мемлекеттік, 1031-і жекеменшік, яғни облыста ашылған балабақшаның 75%-ға жуығы кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиемен 155 мыңнан астам бала қамтылған. Бұл мәселелер балаларымыздың тәрбиесі мен білімінің сапасына де әсер етуде. Салдарынан бүлдіршіндер балабақша кезегінде тұруға да мәжбүр. Жабылу қаупінде тұрған балабақша иелерінің құқықтарын қалпына келтіруде Палата тарапынан мәселе шешімін тапқанша Үкіметтік деңгейде көтеретін боламыз. Бүгін мәселені ҚР Премьер- министрінің бірінші орынбасары А.А.Смаиловтың қарауына шығарып отырмыз»,- деді Тимур Нақыпбеков.
2021 жылға арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жалпы бекітілген бюджет 115 729 орынға шаққанда 53,3 млрд теңгені құрайды, оның 10,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 43,04 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен қаралған.
Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Куленованың айтуынша, тек былтырдың өзінде қауымдастық бұл мәселені көтеріп, 37 мекемеге хат жазған.
Бүгінде облысқа қосымша қажеттілік жалпы 26,6 млрд теңгені құрайды, оның ішінде жаңа әдістемеге сәйкес 23,5 млрд теңге және кезекте тұрған балаларды жаңа орынмен қамту үшін 3,0 млрд теңге қажет. Көрсетілген жетіспейтін қаражат республикалық бюджеттен бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттерді қарау барысында ескерілмеген.
Ал Түркістан облысы бойынша үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Дильдар Хабибова егер бұл мәселе биыл да шешімін таппаса, кәсіпкерлер жұмыстарын амалсыз тоқтататынын айтуда.
Балабақша иелері жетіспейтін қаражатты бөлу мәселесі Үкіметтік деңгейде қаралып, оңді шешімін табады деген сенімде.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР