Су тапшылығы, жер «дауы»: төлебилік кәсіпкерлер толғандырған мәселелерін көтерді



Төлебилік кәсіпкерлер мәселелері Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, облыстық прокуратура, Монополияға қарсы комитет өкілдерінің қатысуымен өткізілген арнайы кездесуде көтерілді.

Атап айтсақ, ауылдық округтердегі тұтыну кооператив төрағалары тиесілі жерлерінің жеке қолға сатылып кету салдарынан кәсіп көзіне айналған шаруашылықтардың тұралап қалғандығын айтып, дәлел құжаттарын да көрсетті.

Шаруалар облыстық прокуратураға жерлерді жылдың соңына дейін тіркеп, заңдастырып беруді сұрады.

Ал «Фудмастер» ЖШС директоры Сұлтан Әбдіғали электр энергиясын жеткізуші мекемеге қатысты сын айтты. Айтуынша, ескертусіз электр жарығының жиі сөніп қалуы салдарынан тауарлары бүлініп, шығынға батуда.
Себебін анықтап, заң бойынша шара көруді сұрады.

Төлебилік демалыс аймағы басшылығы су тапшылығы мәселелесін көтерді. Су көздеріне есептегіш құралдарын орнатып, суды үнемді пайдалану жолына көшу қажеттілігін ұсынды.

Бұл мәселе бойынша Палата жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп заң шеңберінде зерделейтін болады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жер телімін алу, жер кадастырында құжат рәсімдеуде созбалаңдыққа салыну секілді мәселелер де айтылды.

Жиын соңында прокуратура өкілдері көтерілген мәселелер бақылауда болып, оңды шешімін табу бойынша жұмыстар жасалатындығын жеткізді.

Осы және өзге де сұрақтар шешімін толық тапқанша, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының назарында болмақ.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР