Түркістан облысында дизель тапшылығы туындауда.



Өңіріміздің фермерлері егін жинау науқаны басталар кезде бұл өзекті мәселеге айналмақ.
Мәселен, Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Отырар, Төлеби, Қазығұрт, Келес аудандарында операторлар Шымкент мұнай өңдеу зауыты "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС жанармайдың берілмей жатқандығын айтуда. Себебін Павлодар мұнай-химия зауытының 1 қазаннан бастап жоспарлы жөндеу жұмысының басталып, солтүстікке қор жасақтауларымен түсіндірген.
Жалпы қыркүйек айына өңіріміздің күзгі дала жұмыстарына жанар-жағармай жеткізуші 34 операторлар 10 мың тонна дизель отынына өтінім беріп, келісім-шарт жасасып, қаражаттарын толық аударып қойған. Алайда, тиісті жанармайды толықтай ала алмай отырғандығын жеткізуде.
Салдарынан қазіргі таңда жанармай бекеттерінде жанармай бағасы нарықтағы бағадан қымбаттаған. Ал кейбіреулерінде тіпті жоқ.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбековтың айтуынша бұл туындаған мәселе егін жинау жұмыстарына, өңіріміздің әлеуметтік маңызы бар дақылдары - мақта, мал азығы - жүгері жинау науқанына кері әсерін тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, жүк тауарларды тасымалдау саласы компанияларының қызметі кідіре бастады.
Бұған дейін, мамыр айында дәл осы дизель отыны тапшылығы мәселесі туындаған болатын. Палата алаңында Агроөнеркәсіп кешені Комитет отырысында бұл мәселені шұғыл қарап, тиісті орган өкілдері түсініктемелерін беріп, мәселе оңды шешімін тапқан болатын.
Бүгінде бұл жағдай қайта қайталануда. Палата тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Энергетика министірлігіне өңірге дизель отынын жеткізу бойынша мәселені шұғыл шешу туралы ұсыныс жолдануда.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР