Арыстағы жарылыстан ес жиюға «Бастау Бизнес» көмектесті – түркістандық жас кәсіпкер табыс жолымен бөлісті



Бүгін «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасының 5 жылдағы жұмысын қорытындылады. Нұр-Сұлтан қаласында жоба түлектерінің өнімдерінен көрме ұйымдастырылды жəне онлайн-форум өтті.
Форумға өңіріміздің жоба түлектері, бизнес-тренерлер, арнайы шақырылған мемлекеттік орган өкілдері Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында онлайн қосылды.
Елбасы «Бастау Бизнес» бағдарламасына жоғары баға берді. Нұрсұлтан Назарбаев бейнеүндеу жолдап, жобаны Қазақстан бойынша жалғастыру қажеттігін атап өтті.
«Оқу аяқталғаннан кейін бизнес-тренерлер жыл бойы кəсіпкерлердің жобаларына жетекшілік етеді. Ісін жаңа бастаған кəсіпкердің проблемасын шешуге көмектеседі. Бұл, əсіресе, бизнеске жаһандық пандемияға байланысты қатты қысым түскен кезде өте қажет. Еліміздің гүлденуі азаматтардың əл-ауқатына тікелей байланысты, сондықтан мен жоғары бағалайтын «Бастау Бизнес» бағдарламасының барлық қатысушысына сəттілік тілеймін. Ел бойынша бұл бағдарламаны жалғастыру керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жоба арқылы кәсіп ашып, бизнесін дөңгелетіп отырған медицинадан бастап құрылыс саласына дейін түрлі саладағы кәсіпкерлер табысты бизнесті қалай іске асырғанын баяндады.
Түркістан облысынан жоба түлегі Жадыра Дүйсехан Арыстағы жарылыстан кейін отбасылық бизнесін қалай ашқанын айтып берді.
««Бастау Бизнес» туралы алғаш рет Арыс қаласында болған жарылыстан кейін естідім. Жолдасымыз екеуміз де жұмыссыз қалған болатынбыз. Қандай іспен айналысуды білмей, ойланып жүргенде осы жоба туралы интернеттен көріп, өтініш қалдырдық. Өтінішіміз қабылданып, кәсіпкерлік білімімді арттырып, сертификат алдым. Кейіннен осы сертификат арқылы өмірімізде үлкен бір жарық сәуле пайда болды десем болады. Біріншіден, өзіме деген сенімділігім артты. Дәл осындай құрылыс қолғабы сияқты үлкен күрделі жобаны таңдауыма түрткі болды», - деді жас кәсіпкер.
Жадыра небәрі 24 жаста. Екі баланың анасы. Күніне 1000 жұп қолғап тігуді кәсіп еткен Жадыра сұранысқа ие өнімдерін Қазақстанның бірнеше қалаларына жолдап жатыр. Шымкент, Алматы Атырау қалаларының құрылысшыларын қамтуға қауқарлы арыстық цех небәрі екі жыл бұрын ашылған.
Жоба аясында қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, бүгінде отбасылық бизнесін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, Атамекен» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Жалпы «Бастау» жобасы басталғалы 5 жыл ішінде Түркістан облысы бойынша 18 мыңға жуық тұрғын оқып шыққан. Оның 5 мыңға жуығы мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиеге қол жеткізген.
Форум соңында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков «Бастау Бизнес» жобасында 5 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан бизнес-тренерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН

ШЕТЕЛ

Пайдалы бейнебаяндар



Бухгалтерский учет для начинающих.


Как делают куриную колбасу?


Молочное животноводство


Окна ПВХ Производство


Сахар: как это делается


Технология производства тротуарной плитки(секреты)

Кәсіпкерлер үшін

ІС-ШАРАЛАР АНОНСЫ

АҚПАН

1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13
  • Мероприятие 1 Совет по защите прав предпринимателей
  • Мероприятие 2 Совет деловых женщин
14 15 16 17 18
19 20 21 22
  • Мероприятие 1 Форум предпринимателей
23 24 25
26 27 28 29 30 31
ДсСсСр БсЖмСн Жс

"Атамекен" бизнес-мектебі

Кәсіпкерлерге кеңес беру

Жұмыстың статистикасы

жоба қаржыландырылды
CT-KZ сертификаттары берілді
кәсіпкерлердің құқығын қорғады
студент дуальды оқыту жүйесімен оқиды

СЕРІКТЕСТЕР